Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕГІ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ «ҰЛТТЫҚ» МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ
Фото: www.inbusiness.kz

ШЫМКЕНТТЕГІ МҰХТАР ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ «ҰЛТТЫҚ» МӘРТЕБЕ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Астана қаласында өткен Стратегиялық серіктестердің III халықаралық форумында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне «Ұлттық» мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Мемлекет басшысы.

Бұл – университет тарихындағы маңызды белес әрі ұжымға артылған үлкен сенім. Мемлекет басшысының бұл шешімі оқу орнының көпжылдық тарихына, ғылыми әлеуетіне, қалыптасқан білім беру дәстүріне және ел дамуына қосқан үлесіне берілген жоғары баға.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*