Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРГЕ ЕРЕКШЕ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

17 қараша – Дүниежүзілік шала туған нәрестелер күніне орай Шымкент қаласындағы перзентханаларда ерекше мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Шала туған сәбилердің ата-аналарына қолдау білдіру және кішкентай батырлардың өмірге деген талпынысын дәріптеуге арналған мерекелік кездесуге 200-ге жуық ата-ана қатысты. Олардың қатарында үшемдер мен егіздер, сондай-ақ, жүктіліктің 24-27 аптасында, салмағы небәрі 650 грамм болып дүниеге келген сәбилер де бар.
Іс-шара барысында ақ халатты абзал жандар ата-аналармен бірге сәбилердің бүгінгі жетістіктеріне ортақ қуанышқа бөленді. Салмағы аз болып дүниеге келген кішкентай батырларға арнайы марапат қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, сәбилер мен олардың ата-аналарына арнап мерекелік дастархан жайылып, балалардың көңілін көтеру үшін аниматорлар шақырылды. Түрлі ойындар мен қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Жылы жүздесу, ақжарма тілектер мен шаттыққа толы сәттер ата-аналарға ерекше әсер қалдырды.
Мамандардың айтуынша, шала туған нәрестелер ерекше медициналық күтім мен тұрақты бақылауды қажет етеді. Сәбилердің денсаулығы тұрақтанып, салмағы қажет деңгейге жеткенше орта есеппен 60-120 күнге дейін дәрігерлердің бақылауында болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жыл сайын орта есеппен 1700-1800 сәби мерзімінен бұрын дүниеге келеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*