Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КІТАПХАНАСЫ БАР 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КІТАПХАНАСЫ БАР 200 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында мәдениет саласын қолдау және ауылдық елді мекендердің әлеуетін арттыру мақсатында жаңа нысандар салынып жатыр. Осы орайда Республика күні қарсаңында Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округінің Жонарық елді мекенінде кітапханасы бар 200 орындық жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Салтанатты рәсімге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, ауыл тұрғындарын ұлттық мереке Республика күнімен жаңа мәдениет ошағының ашылуымен құттықтады.

Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың сәуір айында басталып, 2026 жылдың қазан айында аяқталды. Жобаның жалпы құны 565,6 млн. теңгені құрайды. Нысанның тапсырыс берушісі – «Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Бас мердігер – «ST-SERVICE KZ» ЖШС. Мәдениет үйінің жалпы ауданы 709,7 шаршы метрді, жер учаскесінің көлемі 1,5 гектарды құрайды. Мұнда 200 орындық көрермендер залы мен 18 орындық кітапхана қарастырылған. Ондағы кітап қоры – 8 800. Ғимарат қажетті сахналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Нысан аясында 13 жұмыс орнын ашу көзделген.

Жаңа мәдениет үйінің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарының мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуына, кітапхана қызметтерін пайдалануына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар нысан өскелең ұрпақтың өнер мен әдебиетке қызығушылығын арттыруға, тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және ауылдың мәдени-рухани өмірін жандандыруға ықпал етеді.

Салтанатты рәсімнен кейін ауыл ақсақалдары мен облыс әкімі жаңа мәдениет үйінің лентасын қиып, нысанды ресми түрде ел игілігіне тапсырды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*