Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті (страница 51)

Көкейтесті

ЖҮРЕКТЕРІҢ ДІР ЕТЕ ҚАЛМАСЫН!

Шымкент десе, жүрегі ұшып, құдды бір неміс (немесе қытай) жаулап келе жатқандай пайда болған теріс үрдістің бар екені белгілі. Оның себебі не екенін ешкім түсіндіріп бере алмаса керек. Қазақтың қаймағы бұзылмаған, салт-дәстүрі қаз-қалпында сақталған, тілі мен ділі өзгеріссіз қалған Шымшаһарымызға соншама шүйлігетіндей не болды соншама?! Еліміздің басқа қалаларына барып, жоғары білім алған балаларым оқуға түскен алғашқы курсынан-ақ осы әділетсіздікті байқап, ...

Читать далее »

Мемлекеттік қызметте бір туысы жоқ прокурор

Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Әлжанұлы Имановпен әңгімеміз Ұлы Дала елінің болашағы тақырыбында өрби түсті. Көптеген мәліметке қанық болдым, өскелең ұрпаққа ғибрат болар бірқатар жақсы әңгімелер айтылды. Менің: «Өз өміріңізге ризасыз ба?» деген сауалыма: «Әрине, ризамын! Өйткені, бала кезден ұққаным – білім алу керек, ешқандай еңбектен қашпау керек және қай салада болмасын халқыңа адал қызмет ету керек!» – деп жауап қайырды. Ертеден ...

Читать далее »

Қала әкімдерінің рейтингі (СӘУІР)

1.Әбдірахымов Ғабидолла Рахматоллаұлы, ШЫМКЕНТ қаласы Тамыз айында Ғ. Әбдірахымовтың Шымкент қаласын басқарып отырғанына 2 жыл толады. Шымкентті ресми түрде облыс орталығы деп танығанмен, оны Алматы, Астана секілді мегополистермен салыстыра қарайтындар аз емес. Оның үстіне, шаһар басшысы Ғабидолла Рахматоллаұлы қызметіне кіріскен күннен бастап қаладағы мәдениетті жандандыруға, қаланың артықшылықтарын барынша пайдаланып, кемшіліктерін жетілдіруге көшті. Жақында ОҚО-ға, нақтырақ Шымкент қаласына ҚР Президенті Нұрсұлтан ...

Читать далее »

Санамызға салам із – таза болсын қаламыз!

Шымкент қаласының басшылары мен ОҚО «Азаматтық альянсы» Шымшаһардың абаттанып, көркеюіне өз үлестерін қосқалы жүр. Ғабидолла Әбдірахымов басқаратын қала әкімдігі мен қауымдастық мүшелері «Таза қала!» акциясын жариялап, Шымкент шеңберіндегі әр аула мен әр көше тұрғындарына үндеу тастап, үміттерін артып отыр. «Үздік аула» мен «Үздік көше» номинациялары бойынша жеңіп шыққандарға қомақты сый-сияпат та қарастырылған (байқаудың жүлде қоры 4 миллион теңге). Қанеки, белсене ...

Читать далее »

Ғалыммен болған әңгіме

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі ғалым Болаттемір Алтаев тарихи және саяси тақырыптарда қалам тербеп жүрген ұлтжанды азаматтарымыздың бірі. «Алтын алқа» баспасының басшысы Б.Алтаевқа арнайы жолығып, қоғамымыздың көптеген құбылыстарына байланысты сұхбат жүргізген еді. Сол сұхбатымызды didarbek.kz порталынан оқи аласыздар!.. © Өз тілшімізден

Читать далее »

Кілең кілем, білем…

Оңтүстік Қазақстан облысындағы кілем, кілем өнімдерін және полипропилен жіптерін өндірумен айналысатын еліміздегі алғашқы «Бал Текстиль» кілем фабрикасы экспорт көлемін 20-30 пайызға арттырды. Бүгінде компания өнімдерін Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан мен Азербайджан сынды елдерге экспорттауда. Жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқып, 4 мың тонна полипропиленді кілем түгі жібін өндіруге мүмкіндігі бар фабрика өткен жылы 3 млн. шаршы метр кілем шығарды. Салынған ...

Читать далее »

Дариға Назарбаеваның сапары

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына ҚР Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелері екі күндік жұмыс сапарымен келді. Мемлекет және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша арнайы өңірімізге келген делегаттарды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев күтіп алды. Жұмыс тобының құрамында комитет мүшелері сенаторлар И.Адырбеков, М.Алтынбаев, Н.Әбіқаев, С.Жақсыбеков, Л.Қиынов, Г.Ким бар. Жұмысшы топ ең алдымен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ-ЖƏРМЕҢКЕ ӨТТІ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шарада 97 миллион теңгені құрайтын 160 тоннаға жуық азық-түлік тауарлары нарықтағыдан 15-20 пайыз төмен бағада босатылды. Жалпы жәрмеңке сөресіне 61 тонна ет, 50 тонна көкөніс, 5 тонна балық, 5 тонна кептірілген жеміс, 8 тонна сүт, 2 тонна шұбат,10 мың дана жұмыртқа шығарылды. Сондай-ақ 6 тоннаға жуық өсімдік майы мен ...

Читать далее »

Ақ мол болсын!

Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» 22-наурыз «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мейрамына орай облыс жастары арасында «Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Шараға ОҚО әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков пен аудан, қала «Жастар ресурстық орталықтарының» басшылары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері қатысты. Мерекелік шара барысында аудан, қалалардан келген жастар арасында қол ...

Читать далее »

Әз НАУРЫЗ – ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ

«Дін мен тілге бөлмейтін Наурыз мейрамы тәуелсіздік жылдары ұлысты ұйыстыра түсті. Бүгінде ол еліміздегі ең үлкен мереке». Н.Ә.НАЗАРБАЕВ, ҚР Президенті «Біздің ата-бабаларымыз да наурыз мерекесін шариғатпен ұштастыра отырып тойлаған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім сұрау сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауап, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алып өседі». Е.МАЛҒАЖЫҰЛЫ, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ұлыстың ұлы күні саналған Наурыз ...

Читать далее »