Ордабасы ауданында ұлттық өнер мен руханиятты дәріптеуге бағытталған «Халық әуені» мәдени жобасы аясында тағылымы мол рухани кеш ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның демеушілігімен өткен жоба өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады. Жобаның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық өнерді ел ішінде кеңінен дәріптеу, сондай-ақ өңір тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыру. ...
Читать далее »Годовые архивы: 2026
ТҮРКІСТАН: «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» КОНЦЕРТТІК-ГАСТРОЛЬДІК ТУРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өз мәресіне жетті. Үш күнге созылған мәдени жоба аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртіс-солистері мен «Бірлік» би ансамблінің өнерпаздары Түркістан облысының бірнеше өңірінде өнер көрсетіп, көрерменге мазмұнды концерттік бағдарламаларын ұсынды. Атап айтсақ, 21 мамыр ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 1000 АДАМ ҚАТЫСҚАН «AL-FARABI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Қазығұрт ауданында «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында дәстүрлі «AL-FARABI» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Зияткер жастардың басын біріктірген ауқымды жоба Қазығұрт ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның қолдауымен өткізілді. Ашық аспан астында өткен білім бәйгесіне мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер және түрлі сала мамандарынан құралған 200 команда, 1000-ға жуық жас қатысты. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов аталмыш жобаның ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 35 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК МЕКТЕП БІТІРДІ
Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен дәстүрлі іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биылғы салтанатты жиындар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында өтіп, білім беру ұйымдарында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Түлектерге тәртіп пен қауіпсіздік талаптары жан-жақты түсіндірілді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мерекелік жиынға арнайы қатысып, Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін еліміздегі барлық мектептерде соңғы қоңырау сыңғыры естіліп, түлектердің мектеппен қоштасуы ұйымдастырылуда. Түркістан облысында да бұл күн «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы тәрбие сағаттары өткізілді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы №28 мектебінде өткен салтанатты іс-шараға арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚУАТЫ 300 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысында 300 МВт қуатты фотоэлектрлік-энергия сақтау (ФЭС және ЭСЖ) жобасының алғашқы партиясының қадалы іргетасын құю салтанатты рәсімі өтті. Бұл оқиға жобаның негізгі құрылыс кезеңіне толықтай көшкенін айқындады. Іс-шараға және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «China Energy Overseas Investment Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Хэ Сюнфэй және инвесторлар, энергетика саласының өкілдері мен жауапты мекеме басшылары қатысты. Облыс әкімі өз ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Жетісай ауданында оқу жылының аяқталуын айшықтайтын ең жарқын мерекелердің бірі – соңғы қоңырау салтанаты жоғары деңгейде аталып өтті. Мектеп қабырғасындағы ең қимас сәттердің бірі саналатын бұл күнде мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басты. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры Ерболат Балғабаев, аудан әкімі Серік Мамытов, «AMANAT» партиясы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫ ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА АТАП ӨТІЛЕДІ
27 мамыр – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осыған орай Түркістан облысының мешіттерінде мерекелік іс-шаралар өтеді. Атап айтқанда, мешіт имамдары ұлттық нақышта киініп, мерекелік дастарқан жайылып және ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Ержан Төлепов айтты. – Құрбан айт мейрамы биыл 27-29 мамыр аралығында атап өтіледі. Құрбан шалудың уақыты 27 мамыр күні ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА 3268 ТҮЛЕК ҮЛКЕН ӨМІРГЕ ҚАДАМ БАСТЫ
Түркістан қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған дәстүрлі «Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2026» салтанатты іс-шарасы ұйымдастырылып, мерекелік жиындарда оқушылар мен ұстаздардың бір жылдық еңбегі қорытындыланды. Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы Ж.Тәшенов атындағы №23 мектеп-лицейінде «Мектебім, саған мың алғыс!» атты мерекелік шараға қатысып, педагогтер қауымын, ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Қала басшысы өз ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ЗАҢ МЕН ҚҰҚЫҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР САРАЛАНҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Түркістандағы «Достық» үйінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданғанына 5 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық соттың судьялары, мамандандырылған әкімшілік сот судьялары, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар мен жеке сот орындаушылар, өңірлік департаменттер мен басқармалар басшылары, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелді Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов ашып, әкімшілік ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары