Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕШ ӨТТІ

Ордабасы ауданында ұлттық өнер мен руханиятты дәріптеуге бағытталған «Халық әуені» мәдени жобасы аясында тағылымы мол рухани кеш ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның демеушілігімен өткен жоба өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.

Жобаның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық өнерді ел ішінде кеңінен дәріптеу, сондай-ақ өңір тұрғындарының рухани сұранысын қанағаттандыру.

Тағылымды кешке Қазақстанның халық әртісі, белгілі композитор Алтынбек Қоразбаев бастаған өнерпаздар арнайы қатысты. Құрметті қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз Темірлан ауылындағы «Этно ауылда» қарсы алып, қазақы дәстүрге сай құрмет көрсетті. Ақ дастарқан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар өнерпаздар Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесіне барып, құран бағыштап, музей жұмысымен танысты.

Мерекелік кеш аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. Кеш барысында қазақтың дәстүрлі әндері мен халық жүрегінен орын алған шығармалар орындалып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары сөз сөйлеп, ұлттық өнерді насихаттап жүрген өнер майталмандарына аудан халқы атынан алғыс білдірді. Сонымен қатар қазақ өнерінің көрнекті өкілі Алтынбек Қоразбаевқа құрмет көрсетілді.

Кеш соңында өнерпаздардың әсерлі әндері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, рухани шара жоғары деңгейде қорытындыланды.

Кеш барысында ұлттық өнердің тәрбиелік мәні мен оның жас ұрпақтың рухани дамуына әсері ерекше атап өтілді. Қатысушылар дәстүрлі музыка мен халықтық шығармалардың қоғамдағы мәдени бірегейлікті сақтаудағы рөліне тоқталды.

Сонымен қатар мұндай жобалар өңірдегі мәдени байланыстарды нығайтып, ауылдық жерлерде өнерге деген қызығушылықты арттыруға ықпал ететіні айтылды. Бұл өз кезегінде жергілікті таланттардың танылуына және шығармашылық орта қалыптасуына жол ашады.

Іс-шара аясында көрермендер тек концерттік бағдарламаны тамашалап қана қоймай, ұлттық дәстүр мен тарихи құндылықтар жөнінде де мол мағлұмат алды. Этно-мәдени ортадағы кездесулер рухани байланысты тереңдетуге мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта «Халық әуені» жобасы өңірдің басқа да аудандарында жалғасын тауып, ұлттық өнерді кеңінен насихаттауға және халықтың мәдени өмірін байытуға бағытталмақ.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*