Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2026 (страница 31)

Годовые архивы: 2026

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН “АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Түркістан облыстық прокуратурасында жастарға арналған “Ашық есік күні” өтті. Шараның негізгі мақсаты – жастарды құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Аталған шараға 60-қа жуық жас қатысып, прокуратура органдарының қызметі, оның ішінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықтың сақталуын қадағалау бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Кездесу барысында облыс прокурорының орынбасары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ҚАҚПАСЫНДА АЛЫП ТАЙҚАЗАН ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан қаласының кіреберіс қақпасында алып Тайқазан орнатылып жатыр. Нысанның биіктігі — 10,4 метр. Қаңқасы — металл, ал сырты шыныталшықпен қапталуда. Сонымен қатар, тайқазанның бетінде түпнұсқасындағы Құран аяттары мен Пайғамбар хадистері, сондай-ақ «Құтты, берекелі болсын» және «Бүкіл жаратылыстың иесі – Алла!» мәтіндері жазылуда. Бұдан бөлек, аумақта жол инфрақұрылымы ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы, веложолақ, жарықтандыру жүйесі және жол белгілері орнатылуда. Түнгі ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ УРАН КОМПАНИЯСЫ ЖАҢА БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапарымен барып, «СП «Инкай» ЖШС-нің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Өңір басшысы кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымымен танысты. Атап айтқанда, спорт кешені, асхана, демалыс аймақтары, тұрғын блоктар мен жаттығу залы көрсетіліп, компанияның қызметі мен жетістіктері туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ мерейтойға орай орнатылған арнайы монументтің ашылу рәсімі өтті. Бұдан кейін мәртебелі меймандар ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА «БАНКТЕР ЖӘНЕ ФИНТЕХ–2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан қаласында «Банктер және финтех–2026» екінші Орталық Азия қаржы-банктік форумы өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға отандық және шетелдік қаржы институттарының өкілдері, сарапшылар, инвесторлар мен IT саласының мамандары қатысып жатыр. Форумның ресми ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек қатысып, банк саласының өкілдерін құттықтады. Ол өз сөзінде өңірдің қаржы саласындағы дамуы, өндірістік парктер мен индустриалды аймақтар туралы айтып берді. – Бұл ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ – 2026» БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық Мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауының шымылдығы түрілді. Салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ музей-қорық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дүкенбаев та ізгі лебізін білдіріп, жас талапкерлерге шығармашылық табыс ...

Читать далее »

Түркістан облысына өңірлерден шақырылған сарбаздар келді

Көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонына Алматы, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан жас толықтыру командалары келіп жетті. Бүгінгі таңда бөлім қатары шамамен 120 шақырылушымен толықты. Жақын арада олардың қатарына Жамбыл облысынан тағы 55 жас сарбаз қосылады деп күтілуде. Әскери бөлімге келген сәттен бастап жас сарбаздар төрт аптаға созылатын бастапқы әскери даярлық курсынан өтуге ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА СЫМТЕМІР ӨҢДЕЙТІН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысы Жетісай ауданында шағын және орта бизнесті дамыту бағытында жаңа өндіріс орны іске қосылды. Жетісай қаласында орналасқан «Жасурбек строй» шағын цехы темір сымнан тоқылған қоршаулар өндірумен айналысады. Кәсіпорын 2026 жылдың наурыз айында кәсіпкердің жеке инвестициясы есебінен ашылған. Өндірістік қуаттылығы тәулігіне 1500 погонометрді құрайды. Қазіргі таңда цехта 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндіріске қажетті шикізат Шымкент қаласынан жеткізіледі. Жетісай ауданының ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев «JanaPort Holdings Ltd.» компаниясының директоры Мадина Ахмеджановамен кездесті. Кездесуде Түркістандағы халықаралық әуежайды дамыту және сенімгерлік басқаруға беру, ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары әуежейдың әлеуеті мен мүмкіндігі жоғары екеніне тоқталды. – Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Түркістан халықаралық әуежайы 2020 жылдың 1 желтоқсанынан бастап тұрақты әуе рейстерін орындап келеді. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КҮШЕЙТУДЕ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытайдың іскерлік және сараптамалық ортасының өкілдерімен маңызды кездесу өткізді. Делегацияны Қытайдың Дүниежүзілік сауда ұйымын зерттеу қоғамы кеңесінің мүшесі, «Huahe International» халықаралық бизнес-консалтингтік компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Лю Чуаньу бастап келді. Кездесуге облыстық басқармалар басшылары, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, энергетика және сауда салаларында жұмыс істейтін ірі қытайлық компаниялардың өкілдері қатысты. Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЯСАУИТАНУ – 2026» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қолдауымен «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық Мәдениет үйінде мектеп оқушылары арасындағы дәстүрлі «Ясауитану – 2026» республикалық байқауы жоғары деңгейде өтті. Байқау аясында оның тарихына арналған фотокөрме ұйымдастырылып, көпшілік назарына ұсынылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Қожа Ахмет Ясауи мұрасын терең зерттеп, кеңінен дәріптеудің маңызын атап өткен ...

Читать далее »