Келес ауданында 2019-2025 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соңғы 6 жыл ішінде табиғи газ, электр қуаты, білім беру және спорт салаларында стратегиялық маңызы бар жобалар іске асырылды. Бағдарламаның алғашқы кезеңінде Абай ауылындағы орталық стадион мен Ә.Кенжеев атындағы мәдениет үйі заманауи талаптарға сай жаңартылып, елді мекендердегі 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Инфрақұрылымдық дамудың келесі ...
Читать далее »Ежедневные архивы: 23.04.2026
КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ 30 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралап, олардың жай-күйімен танысты. Аудан орталығы Абай ауылында 2025 жылы басталған мұражай құрылысы биыл аяқталмақ. Сонымен қатар, жаңа буынды дамыту орталығының құрылысы жалғасуда. Нысанды 2026 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ, елді мекенде инвесторлар есебінен екі қабатты 22 тұрғын үй салынып жатыр. Пәтерлер — 1, 2 және 3 бөлмелі. ...
Читать далее »САРЫАҒАШТА БИЫЛ 200 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ АҒЫН СУ КАНАЛДАРЫ ТАЗАЛАНАДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласы аумағынан өтетін Рамадан каналынан таралатын Р-4-3 каналында жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысты. Жұмыстардың сапалы әрі уақтылы атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында «Су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысына нақты тапсырмалар жүктеді. Қазіргі таңда аталған кәсіпорын тарапынан Р-4-3 каналында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, 2 арнайы техника жұмылдырылып, жалпы ұзындығы 7,5 шақырым канал ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МЕН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРҒА ЗАМАНАУИ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ ОРНАТЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласында тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың сәулеттік келбетін жақсарту және түнгі қауіпсіздікті арттыру мақсатында заманауи жарықтандыру жүйелері кезең-кезеңімен іске қосылуда. Жалпы 107 көпқабатты тұрғын үйдің сыртын жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 30-дан астам үйде жарықтандыру қосылған. Жарықтандыру жұмыстары қала инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталып, көшелер мен ғимараттардың сәулеттік бейнесін айқындап, түнгі уақытта қаланың көркін ерекше аша түспек. Жаңа LED шамдар мен энергия үнемдейтін ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ
Биыл Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен 5 инвестициялық штаб отырысы өткізіліп, 31 хаттамалық тапсырма берілді. Хаттамалық тапсырмаларлың орындалу барысы, инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен инвестициялық штаб отырысында пысықталды. Инвестициялық штабтың күн тәртібінде үш мәселе қаралады. Жиын барысында инвесторлар осы жылы іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Одан бөлек, облыс әкімінің ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ МЕН ШАҒЫМДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Азаматтарды қабылдау орталығында кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында Сайрам, Сауран, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының азаматтары өтініштері мен шағымдарын ортаға салып, облыс әкімі орынбасарының көмегіне жүгінді. Шардаралық азамат меншігіндегі су арнасына қатысты мәселені көтерді. Саурандықтар шаруашылықты кеңейту мақсатында жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады. Жер құжаттарын рәсімдеу бойынша өтініш түсірген азаматтарға қолданыстағы ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АЙДАР АРАПОВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Қытайдың Ордос қаласында 16-19 сәуір аралығында өткен дзюдодан ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен түркістандық Айдар Арапов (-90 кг) жоғары деңгейде күресіп, қола жүлдені иеленді. Халықаралық бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жүлдемен оралған спортшыны Түркістан халықаралық әуежайынан спорт саласының өкілдері, туған-туыстары мен жанкүйерлері салтанатты түрде қарсы алды. Қарсы алу рәсімінде Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары