Кентау қаласы аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары ұсталатын қора-жайлар мен іргелес аумақтарда көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аталған іс-шаралар жыл сайын екі рет – көктем және күз мезгілдерінде ұйымдастырылады. Арнайы қорасы бар және ауыл шаруашылығы жануарларын ұстайтын тұрғын үйлер үшін бұл жұмыстар мемлекет есебінен тегін жүргізіледі. Айта кетейік, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Ол кене шаққан ...
Читать далее »Ежедневные архивы: 23.04.2026
ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 120 КІТАП ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекелік іс-шара аясында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бірлесіп, мазмұны терең, тағылымы зор игі бастаманы жүзеге асырды. Бұл күні 120 дана кітап қала тұрғындары мен қонақтарына тегін таратылды. Бұл тек кітап тарату акциясы ғана емес, әр оқырманға бағытталған рухани сый, білімге бастайтын ізгі қадам, кітап пен ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Келес ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстары аудан орталығынан бастап барлық ауылдық округтерді қамтыды. Сенбілік жұмыстары кезінде Абай ауылындағы «Б.Ермеков» саябағы тазартылып, ауған соғысы ардагерлеріне арналған аллеяны әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасы «Жеңіс» саябағында жалғасты. Игі шараға аудан әкімі де атсалысты. Жалпы сенбілікке 2800-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың қатарында аудандық бөлім қызметкерлері, ауылдық ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықбұзушылықтарды ерте анықтау және олардың алдын алу жүйесін күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған көшпелі семинар өтті. «Достық үйінде» өткен семинарға облыс әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімі, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары, ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН: АЗАМАТТАР ӨТІНІШІ – БАСТЫ НАЗАРДА
Түркістан облысы әкімдігінің жанынан құрылған Азаматтарды қабылдау орталығында облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Әділ Бектұрғановтың облыс тұрғындарын жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан Түркістан қаласындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелер, сондай-ақ бейнебақылау жүйесінің жұмысына байланысты түйткілдер көтерілді. Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, айтылған мәселелерді жедел шешу мақсатында тиісті салалық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Кездесу барысында көтерілген ...
Читать далее »КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Келес ауданында аса қауіпті зиянкестермен күрес жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бүгінде аудан аумағында фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында кешенді шаралар жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Аталған жұмыстар аясында аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев бастаған арнайы жұмыс тобы Сарыағаш ауданы және Шардара ауданымен шектесетін аумақтардағы шегіртке ошақтарын анықтау жұмыстарын жүргізуде. Зиянкестердің таралу қаупін төмендету мақсатында аудан аумағы 19 секторға бөлініп, әр ...
Читать далее »АРЫСТА ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Арыс қаласында шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қазіргі таңда залалсыздандыру шаралары Сырдария өзені мен Көксарай су реттегіші аумақтарында жүргізілген. Аталған жұмыстарға 17 техника, 10 қайық және 28 маман тартылып, кешенді түрде дәрілеу шаралары жүзеге асырылды. Нәтижесінде шіркей саны едәуір азайғаны байқалады. Дегенмен, кейбір дернәсілдердің сақталу ықтималдығы бар. Бұл олардың уақыт өте келе ересек шіркейге айналуына әкелуі мүмкін. Осыған ...
Читать далее »ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ
Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүйелі түрде жүргізілуде. Игі шара қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Атап айтқанда, аудандағы орталық көшелер, саябақтар мен аллеяларға гүлдер егілген. Бүгінде ауданда 32 600 мыңнан астам ағаш пен 120 мың дана гүл отырғызылған. Сонымен қатар, жасыл желектерді күтіп-баптау, суару жұмыстары тұрақты ...
Читать далее »СОЗАҚ: ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛЫНДА 10-НАН АСТАМ ІРІ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Созақ ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округінде шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып, 10-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп отыр. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков ауылға арнайы барып, жүзеге асып жатқан жобалардың барысымен танысты. Бүгінде ауыл кәсіпкерлері кооператив құруға дайындалып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында өз кәсіптерін одан әрі кеңейтуді көздеуде. ...
Читать далее »САУРАН: ШАҒАДА ЗАМАНАУИ ІРІ АКВАПАРК САЛЫНАДЫ
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жеке кәсіпкер Надир Абдусаттаровпен кездесіп, аудан аумағында аквапарк салу жобасын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында тараптар инвестициялық жобаны іске асырудың негізгі бағыттарын айқындап, жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру тетіктерін пысықтады. Аталған жоба «НАДЫР» жеке кәсіпкерлігі бастамасымен қолға алынып отыр. Жобаның жалпы құны — 3 млрд теңге. Тәулігіне 1 200 адам ды қабылдауға мүмкіндік береді. Жоба ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары