Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру, құқықбұзушылықтарды ерте анықтау және олардың алдын алу жүйесін күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта Түркістан қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және бала құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған көшпелі семинар өтті.

«Достық үйінде» өткен семинарға облыс әкімі аппаратының қоғамдық саяси сала мониторингі бөлімі, облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары, сондай-ақ аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Көшпелі семинарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде жиынның маңыздылығына тоқталып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен келеңсіз жағдайлардың алдын алу өңірдегі өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Маңызды жиынның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы тәуекел факторларын ерте анықтау, олардың алдын алу бағытында аудан және қала деңгейінде жүйелі әрі үйлестірілген жұмысты қалыптастыру.

Күн тәртібіне сәйкес жауапты сала өкілдері баяндама жасап, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын ұсынды.

Семинар барысында балаларға қауіпсіз орта қалыптастыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың тиімділігі талқыланды. Сондай-ақ бұл мәселелер аудан және қала әкімдіктерінің қатысуымен жан-жақты қаралып, өзара тәжірибе алмасу жүргізілді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары айтылған ұсыныстарды хаттамаға енгізіп, тиісті жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.

Айта кетейік, Түркістан облысында 0-18 жастағы бала саны 926 813-ті құрайды. Оның ішінде 554 597-сі мектеп жасындағы балалар болса, 46 794 -і арнаулы орта білім беретін оқу орнында білім алуда. Өңірде жалпы 507 508 отбасы тіркелген.

Семинар барысында балалардың құқықтарын қорғау тек құқықтық тетік ретінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесі ретінде қарастырылды. Мамандар жасөспірімдер арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алуда отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара байланыстың маңызына ерекше тоқталды.

Сонымен қатар ерте анықтау және алдын алу тетіктерін күшейту мәселесі басты назарға алынды. Құзырлы органдар тарапынан тәуекел топтағы балалармен жеке жұмыс жүргізу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және психологиялық сүйемелдеу шараларын кеңейту қажеттілігі айтылды.

Облыстағы балалар санының көп болуы әлеуметтік инфрақұрылымға түсетін жүктемені де арттырады. Сондықтан білім беру ұйымдары мен әлеуметтік қызметтердің үйлесімді жұмысы балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.

Профилактикалық жұмыстардың тиімділігі жергілікті деңгейдегі атқарушы органдардың белсенділігіне тікелей байланысты екені атап өтілді. Аудан және қала әкімдіктерінің үйлесімді жұмысы құқықбұзушылықтың алдын алуда маңызды нәтиже бермек.

Жалпы алғанда, Түркістанда өткен көшпелі семинар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өңірде кешенді профилактикалық саясатты қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара ретінде бағаланады.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*