Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2026 » Май (страница 7)

Месячные архивы: Май 2026

ТҮРКІСТАН: АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістандағы Достық үйінде «Ас беру мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет» тақырыбында кездесу өтті. Келелі басқосуға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, қала имамдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиынның негізгі мақсаты – құдайы ас беру дәстүрін шариғат талаптары мен ұлттық салт-дәстүрге сай жүйелеп, ысырапшылдықтың алдын алу, отбасыларға артық материалдық салмақ түсірмейтін ас беру мәдениетін қалыптастыру және оны қоғамда кеңінен насихаттау. ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ӨҢІРЛІК ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен мемлекеттік ақпараттық саясат бойынша апталық штаб отырысы өтті. Жиында мемлекеттік ақпараттық саясаттың орындалу барысы, өңірлік коммуникация қызметінің атқарған жұмыстары қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Жұмашбеков, Ақпараттық талдау орталығы КММ директоры Айдар Сейдазым және Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Төребек Байтасов баяндама жасады. Жиын барысында өңірде ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 30-ҒА ЖУЫҚ КӘСІПОРНЫ «ULTTYQ ÓNIM – 2026» КӨРМЕСІНДЕ ӨҢІРДІҢ ӨНДІРІСТІК ӘЛЕУЕТІН ТАНЫСТЫРУДА

Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында отандық өндірушілердің IX жыл сайынғы «Ulttyq Ónim – 2026» көрмесі басталды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан көрмеде еліміздің барлық өңірлерінен 600-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі өз өнімдерін таныстыруда. Биылғы көрме ауқымы жағынан өткізілу тарихындағы ең ірі көрме ретінде ерекшеленуде. Аталған көрмеге Түркістан облысынан 25 кәсіпорын қатысып, өңірде өндірілетін өнімдердің кең ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, сала мамандары марапатталды. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев арнайы қатысып, кәсіби мерекемен құттықтады. Ол мәдениет пен өнердің еліміз үшін орны зор екенін айтып, өңірде осы бағытта атқаралып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Күні кеше ғана Түркі Мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін абыроймен атқарып алдық. Елдің абыройын көтеретін осы игілікті ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚАТЫСТЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру, өзекті мәселелерге дер кезінде назар аудару, келеңсіз жайттардің алдын алу – қашанда басты назарда. Осыған орай, бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев осы және өзге де маңызды мәселелер жөнінде апталық штаб отырысын өткізді. Жиынға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Тіленшин, облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан ...

Читать далее »

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕКТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЖЫЛЫЖАЙ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН БЕРДІ

Келес ауданының Біртілек елді мекенінде орналасқан №66 жалпы білім беретін мектебі жанынан салынған заманауи жылыжайда өсірілген алғашқы өнімдер пісіп жетілді. Жылыжайда қызанақ, қияр, баялды, аскөк және болгар бұрышы өсірілуде. Бұл өнімдер оқушылардың өз қолдарымен егіліп, күнделікті күтім жасалады. Жоба аясында оқушылар өсімдіктерді өсірудің қыр-сырын меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда. Мектеп парламентінің мүшелері мен STEM кабинетіндегі жас зерттеушілер арнайы тұқымдарды іріктеп, ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР 100 ПАЙЫЗ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Түркістан қаласында жолаушы тасымалдау саласында қызмет көрсететін «Жолаушы» ЖШС-ң еңбек етіп келе жатқанына 60 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара өтіп, 10 жаңа автобус халық игілігіне берілді. Салтанатты жиынға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және қала прокуроры Кәукен Нәрікбаев қатысып, мекеме ұжымын мерейтоймен құттықтады. — Қоғамдық көлік саласын дамыту нәтижесінде соңғы бес жылда 8 млрд 403 ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу және оған қарсы күрес бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді. Бұл туралы брифинг барысында Түркістан облыстық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Қуанышбай Жұмаділдаев мәлімдеді. «Мамандардың айтуынша, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы интернет-алаяқтық қылмыстарының көбеюіне әсер еткен. Соның салдарынан азаматтар материалдық шығынға ұшырап, моральдық зардап шегуде. Түркістан облысында жыл басынан бері интернет-алаяқтық бойынша 212 қылмыстық ...

Читать далее »

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН РУХАНИЯТ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан руханияты мен әдебиетіне үлес қосып жүрген қаламгерлермен кездесіп, пікір алмасты. Басқосуға Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, этнограф Қасымхан Бегманов және ақын Қалқаман Сарин қатысты. Кездесуде ел руханияты, ұлттық әдебиет және Түркістан қаласының түркі әлеміндегі тарихи миссиясы кеңінен талқыланды. Облыс әкімі мәдениет пен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНДЕ ҚАСЫМХАН БЕГМАНОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТТІ

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби және Қазақстан Жастар Одағы сыйлықтарының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Қасымхан Бегмановтың шығармашылығына арналған «Қазақ деп мұңға баттым мен» атты әдеби-сазды ән-жыр кеші өтті. Алдымен келушілер кітап көрмесін тамашалады. Кеш шымылдығы ақынның «Қазағым» термесімен ашылды. Сонымен қатар «Жаңа леп» шығармашылық ұжымы ...

Читать далее »