Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Аймақ тынысы » КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕКТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЖЫЛЫЖАЙ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН БЕРДІ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА МЕКТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЖЫЛЫЖАЙ АЛҒАШҚЫ ӨНІМІН БЕРДІ

Келес ауданының Біртілек елді мекенінде орналасқан №66 жалпы білім беретін мектебі жанынан салынған заманауи жылыжайда өсірілген алғашқы өнімдер пісіп жетілді. Жылыжайда қызанақ, қияр, баялды, аскөк және болгар бұрышы өсірілуде. Бұл өнімдер оқушылардың өз қолдарымен егіліп, күнделікті күтім жасалады. Жоба аясында оқушылар өсімдіктерді өсірудің қыр-сырын меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.

Мектеп парламентінің мүшелері мен STEM кабинетіндегі жас зерттеушілер арнайы тұқымдарды іріктеп, сапалы көшеттер дайындайды. Ұстаздардың жетекшілігімен жылыжайда заманауи агротехнологиялар қолданылып, тамшылатып суғару жүйесі іске қосылған. Білім ордасындағы бұл бастама оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта мектеп ұжымы жылыжайда қызғалдақ гүлдері мен құлпынай өсіруді жоспарлап отыр. Осылайша, «Келешек мектебі» жобасы аясында ашылған білім ордасында оқушылар білім алып қана қоймай, нақты тәжірибе арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

Жылыжай жұмысы оқушылардың кәсіптік бағдарын айқындауға да ықпал етуде. Ауыл шаруашылығы саласына қызығушылық танытқан жасөспірімдер агрономия, биотехнология және экология бағыттарындағы мамандықтар туралы тереңірек мағлұмат алып, болашақ мамандығын таңдауға мүмкіндік алуда.

Сонымен қатар, жылыжайдағы тәжірибелік жұмыстар оқушылардың жауапкершілік пен ұқыптылық қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Өсімдіктердің өсу кезеңдерін бақылап, олардың күтіміне қатысу арқылы білім алушылар еңбек нәтижесінің маңызын түсініп, табиғатқа жанашырлық көзқарас қалыптастырады.

Мектеп әкімшілігінің мәліметінше, алдағы уақытта жылыжай аумағын кеңейтіп, өсірілетін дақыл түрлерін көбейту жоспарлануда. Бұл өз кезегінде оқушылардың тәжірибелік сабақтарын жандандырып, ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бүгінде мұндай бастамалар білім беру жүйесінде тәжірибеге негізделген оқытудың тиімді үлгісі ретінде бағалануда. Мектеп жанындағы жылыжай оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік әлеуетін дамытуға жағдай жасап, олардың заманауи талаптарға сай білім мен дағды игеруіне жол ашып отыр.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*