Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Руханият » ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІЛЕР ТӨРІ — ТҮРКІСТАН» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІЛЕР ТӨРІ — ТҮРКІСТАН» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «Фараб» кітапханасында ұлттық сөз өнерін дәріптеу, жас ақындардың шығармашылық әлеуетін қолдау мақсатында «Түркілер төрі — Түркістан» атты жас ақындар айтысы өтті.

Айтысты Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әділ Нұржанұлы ашып, сөз сайысына қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде ұлттық өнердің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мұра екенін атап өтті.

Айтысқа еліміздің әр өңірінен келген жас ақындар қатысып, суырыпсалмалық өнердегі шеберліктерін, ой ұшқырлығы мен сөз тапқырлығын ортаға салды.Сөз сайысының әділ бағасын беріп, өнер додасының деңгейін айқындаған қазылар алқасының құрамында белгілі айтыскер ақын Шойбеков Бекарыс төрағалық етіп, Анарбаев Бекмұрат пен Өміржан Көпбосын мүшелік етті.

Айтыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталып, үздік өнер көрсеткен ақындар марапатталды. Сөз додасының нәтижесі төмендегідей:

Бас жүлде – Аян Ниязбек (Түркістан облысы)

І орын – Нұртілеу Төленбек (Астана қаласы) –

ІІ орын – Мұхтар Қонарбай (Жамбыл облысы), Ахметрасул Баянбай (Түркістан қаласы)

ІІІ орын – Сырым Әділбек (Қызылорда облысы), Нұрмахан Жақыпбек (Шымкент қаласы)

Арнайы жүлделер – Шахмардан Бекарысұлы, Гүлжан Ықылас, Исламхан Мұхамедхан, Сырым Нығызбай, Нұрдаулет Өмірбек, Ердаулет Ыбыраевқа табысталды.

Айта кетейік , жас ақындар айтысы ұлттық өнерді насихаттап, дәстүрлі сөз өнерінің сабақтастығын жалғастыруға және жас шығармашылық өкілдерін қолдауға бағытталды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*