Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Руханият » РУХАНИЯТ ОРДАСЫНА – 65 ЖЫЛ: БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

РУХАНИЯТ ОРДАСЫНА – 65 ЖЫЛ: БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Түркістан облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының құрылғанына 65 жыл толуына орай «Руханият ордасына – 65 жыл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, өткізілді.

Мерейтойлық іс-шараның мақсаты – кітапхананың 65 жылдық тарихын саралау, рухани-мәдени мұрасын дәріптеу, балалар кітапханасының қоғамдағы орнын айқындау, кітап оқу мәдениетін насихаттау және кітапхана саласының дамуына үлес қосқан тұлғалардың еңбегін ұлықтау.

Іс-шараға кітапхана саласының мамандары, мәдениет және білім саласының өкілдері, ғалымдар, ардагер кітапханашылар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Алтаев Ертай Кенжебекұлы құттықтау сөз сөйлеп, кітапхананың мәдени-рухани өмірдегі маңызын атап өтті.

«Руханият ордасына – 65 жыл» атты дөңгелек үстел мазмұнды баяндамаларға, тағылымды естеліктерге және жылы лебіздерге толы болды. Мерейтойлық кездесу кітапхананың бай тарихын ұлықтап қана қоймай, рухани мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытындағы маңызды басқосу болды.

65 жылдық тарих – ұрпаққа аманат, руханиятқа қызмет!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*