Түркістан қаласындағы Этноауыл кешенінде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және дәстүрлері» атты мерекелік шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы ...
Читать далее »Шымкент
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БІРҚАТАР БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ
Шымкентте жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді. №276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда. Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) ...
Читать далее »ПРЕЗИДЕНТ КЕҢЕСШІСІ БІЛІМ САЛАСЫ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев ұлағатты ұстаздармен жүздесіп, Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. “Түркістан” сарайында өткен іс-шараға қаладағы мектеп және колледж директорлары, білім саласы қызметкерлері қатысты. Президент кеңесшісі Жолдау болашақ бағдарымызды айқындап берген құжат екенін, соңғы жылдары білім саласына көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. -Еліміздің саяси, идеологиялық бағытын жан-жақты түсіндіру мақсатында өздеріңізбен жүздесіп отырмын. Президенттің кезекті ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков энергетикалық жүйені тұрақты дамыту мақсатында «Қазақстандық коммуналдық жүйелері» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы Дінмұхамет Ыдырысовпен кездесті. Кездесу барысында стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. Екіжақты серіктестік қала энергетикалық инфрақұрылымын кешенді дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, электр энергиясын беру және тарату жүйелерін жаңғыртуды қамтиды. Бұл қала тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктеріне сай ...
Читать далее »ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТУ ҮШІН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік мәселесі бойынша кешенді жоспар әзірленді. 2024-2026 жылдарға арналған жоспар заңсыз ойын бизнесімен және лудоманиямен күреске бағытталған шараларды қамтиды. Мемлекеттік бақылауды күшейту арқылы құмар ойындарға тұрақты қатысатын адамдар санын 350 000-нан 201 600-ге дейін азайту жоспарлануда. Санат Жұмабайұлының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 26 ойын бизнесі субъектісі, оның ішінде 6 казино, 9 ойын ...
Читать далее »БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі тойланады. Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты – өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту. Мерекеге орай, Шымкент қаласында «Адал еңбек – адам көркі»атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Арбат алаңында өткен жәрмеңкеге қала аумағындағы мемлекеттік және ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КЕРАМОГРАНИТ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бүгін «Жұлдыз» индустриалды аймағында ірі инвестициялық жобаның бірінші кезеңі – керамогранит шығаратын зауыт іске қосылды. Ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков пен «WAN SHENG CERAMIC» шетелдік компаниясының құрылтайшылары қатысты. Қала әкімі өз сөзінде ауқымды зауыт Орталық Азиядағы құрылыс индустриясындағы ең ірі жобалардың біріне айналатынын атап өтті. Мемлекет басшысының инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында бұл жоба барлық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ
«Дені саудың – жаны сау». Сырқатқа ұшыраған адам уақыт өткізбей дәрігерге жүгінуі керек. Бір дұрысы, көп аурулардың емі өзімізде де табылады, яғни шетелге барып шығындалудың қажеті жоқ. Бұл орайда Шымкент қаласының медицина саласындағы жетістіктері де аз емес. Шаһардың қалалық №2 ауруханасының перзентханасында алғаш рет жаңа әдіспен ота сәтті жасалды. Мәскеу қаласында тәжірибе алмасып келген акушер-гинеколог дәрігерлер бұл әдісті тәжірибеге енгізді. ...
Читать далее »ЕСІРТКІ ҰЛТТЫҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБАДЫ
Мемлекет басшысы ұлт саулығына зиянын тигізетін нашақорлық пен есірткіге қарсы күрестің көкейкесті міндет екенін үнемі айтып келеді. Соңғы жолдауында да есірткімен күрестің маңызына тоқталып, «Тағы бір маңызды міндет – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Бұл – ұлттың генетикалық қорын аман сақтап қалу мәселесі деген сөз. Біз осыған дейін қажетті заңнамалық шараларды қабылдадық. Бірақ, нақты нәтижеге қол жеткіздік деуге әлі ...
Читать далее »АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫНДА ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Шымкент қалалық аумақтық қорғаныс бригадасының әскери міндеттілермен 10 күндік арнайы тактикалық оқу-жаттығу жиыны қорытындыланды. Қорғаныс министрлігінің жоспарына және Шымкент қаласы әкімінің қаулысына сәйкес запастағы жүз елу алты әскери қызметшіге арналған әскери жиын аяқталды. Осы уақыт ішінде оқу бағдарламасын жақсы меңгергендерге кезекті әскери атақтар берілді. Оқу-жаттығу жиындарының мақсаты – әскери резервті жинақтап, мамандардың білімін жетілдіру, әскери міндеттілердің далалық білімін және олардың ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары