Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 20 359 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агентігі. Еңбекші ауданы – қаланың өндірістік ауданы болып саналады. Ауданда көптеген өндірістік кәсіпорындар мен мекемелер шоғырланған. Атап айтсақ, Еңбекші ауданында Оңтүстік және Ордабасы индустриалды аймақтары және 1 арнайы экономикалық аймақ (СЭЗ Оңтүстік) орналасқан. Аудан аумағындағы 35 шағынаудан мен тұрғын алаптардың халық шоғырланған негізгі бөлігі ...
Читать далее »Қоғам
КЕЗДЕСУДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының «Бақытты отбасы орталығында» Абай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Балаға ата-ананың жауапкершілігі» атты кездесу өтті. Басқосуға орталық басшысы Абибулла Калымбет, аудан әкімдігі жанынан құрылған әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері және тұрғындар қатысты. Бүгінде қалада ана отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күресу мақсатында құрылған 3 арнайы орталық жұмыс істейді. Олар —Ана үйі, №3 әлеуметтік қызмет көрсету ортылығы және Сана-сезім орталықтары. ...
Читать далее »БАЛАЛАР ЖЫЛЫ АЯСЫНДА БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ ЖАСАДЫ
Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы «Бақытты қалаға саяхат» байқауының кезекті жеңімпаздарын қарсы алды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында Туризм индустриясы комитетінің ұйымдастыруымен “Qazaqstan Live Fest” фестивалі өткен болатын. Халықаралық көрмеде «Бақытты қалаға саяхат» байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталған. Бұл жолғы байқаудың жеңімпаздары – 2003 және 2007 жылы туған Қарағанды облысының тұрғындары. Жасөспірімдер Шымкентке саяхатқа келіп, ...
Читать далее »Шымкенттік дәрігерлер 5 жасар баланы аман алып қалды
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтері аяғының қан тамыры кесілген 5 жастағы балаға тың әдіспен күрделі ота жасады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. 21 тамыз күні жедел жәрдем қызметімен науқас бала ауыр жағдайда қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізіліп, оң тізе астынан қан кету, аяқтың тізеден төмен бөлігінің көгеруі, мұздауы сынды белгілермен жансақтау бөліміне жатқызылған. Мамандар оң тізе асты артериясы мен ...
Читать далее »ТІС ЕМХАНАСЫНДА ДӘРІГЕРЛІК КАБИНЕТТЕР САНЫ АРТТЫ
Шымкент қалалық стоматологиялық емханада түнгі ауысымдағы кабинеттер саны артты, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Тіс емханасы тәулік бойы екі ауысымда, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Мұнда күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетеді. Түнгі ауысымда 3 дәрігер 2 медбике жұмыс істейді. Түнгі ауысымда бір күнде ...
Читать далее »АРМАНЫ АСҚАҚ ҰСТАЗ
Каймакбаева Калида Негизбаевна қазіргі таңда №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатында физика және астрономия пәнінің мұғалімі. Аталған мектепте 16 жылдан бері жұмыс істейді. Шәкірттерін Халықаралық, Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан, астрофизика, ғарыштық робототехника бойынша түрлі олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға баулып жүрген жаңашыл ұстаз. 16 жылда оқушыларды түрлі шығармашылық байқауларда жеткен жетістіктері «Бас жүлде-8, I дд–33, II дд-32, III дд-20, Мадақтама-21, ...
Читать далее »Шымкентте тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда
Шымкентте қала аумағы бойынша 60-тан аса тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Шымкентте техникалық тексеру нәтижелері бойынша тозығы жеткен 107 тұрғын үй анықталған. Аталған тұрғын үйлерді реновация бағдарламасына енгізу қарастырылуда. Қазіргі таңда реновациялық бағдарламаны инвесторлар арқылы азаматтық заңнамаға сәйкес жүзеге асыру жайы қолға алынуда. Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын қаржыландыру жергілікті бюджет және инвестициялар арқылы, оның ішінде ...
Читать далее »Жыл соңына дейін 2084 пәтердің құрылысын жүргізу жоспарланған
Шымкент қаласында жыл соңына дейін 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысы жүргізілу жоспарланған, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Шымкент қаласы республика бойынша тұрғын үй құрылысы өте қарқынды жүріп жатқан аймақтардың қатарына кіреді. 2020 жылы 649,1 шаршы метрге баспана салынған болса, өткен жылы бұл көрсеткіш 1 миллион шаршы метрге дейін жетті. Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының дерегінше, өткен жылы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА
Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Аманбек Бейсембаевтың қатысуымен қала аумағындағы 2022 жылғы өрт қауіпті кезеңдегі орман және дала өрттерінің алдын алу және жою бойынша атқарылған шаралар туралы баспасөз брифинг өтті. «Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында және орман, егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары ...
Читать далее »Шымкенттік ұстаздар жас мұғалімдер форумына қатысты
Елордада «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты бірінші республикалық жас педагогтар форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Шарада еліміздің барлық аймағынан келген жүзден астам жаңа буын өкілдері бас қосты. Аталған форум «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бастамашылық еткен еліміздің жас мұғалімдерін кәсіби дамыту жөніндегі ауқымды жобаның жалғасы болып саналады. Екі күнге созылған форумда кәсіби біліктілікті арттыру мәселесі ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары