Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам (страница 272)

Қоғам

КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Шымкент қаласы көшелерін көгалдандыру мақсатында Қаратау ауданы бойынша ағымдағы жылы 120 мың түп көпжылдық гүлдер егілсе, 250 мың түп голландық қызғалдарқтардың 5 түрі отырғызылыпты. Сондай-ақ, 6 мыңға жуық тал көшеттері қондырылып, қала көшелеріне ерекше сән беруде. Күннің аптап ыстығында олар қалай күтіп, бапталуда. Ұланбек Арғынбеков көшесі — бұл қалалың орталық көшелерінің бірі. Мұнда қазір, жол бойындағы көгалдарды қырқу жұмыстары жүргізілуде. ...

Читать далее »

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ МАҢЫЗДЫ

Шымкентте діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері бойыншa жиын өтті. Қалалық «Ақ-ниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығының мамандары арнайы қатысып, дінаралық мәселелерді талқылады. Кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында өтті. Діни ахуалы тұрақты елдің даму деңгейі де тұрақты болады.  Сондықтан, ел дамуын еселеу үшін діни татулықты да тұғырлы ету қажет.Дін қазіргі жастарға әсер ететін белсенді күштердің бірі болып ...

Читать далее »

ҮЗДІК ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ

Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің түлектері салтанатты түрде диплом алды. «Ақ жол, түлек!» атты оқу озаттарына диплом табыстау іс- шарасы, қаламыздың ірі мәдени ошағы болып саналатын Түркістан мәдени сарайында өтті. Аталмыш іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің аппараты, ҚР Парламент Мәжілісінің және Түркістан облысы мен Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, өңіріміздің зиялы қауымы мен қоғам-өнер қайраткерлері және басқа да мемлекеттік ...

Читать далее »

«Мобильді арбат»: Қолөнершілер жәрмеңкесі өтті

Шымкентте «мобильді арбат» жәрмеңкесі екінші рет өтті. Қолөнершілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға қызығушылық танытқандар қатары көп болды. Шеберлер ұсынған түрлі нақыштағы туындылар шараның көркін қыздырды. Іс-шараның мақсаты – жергілікті шеберлерді насихаттай отырып, туристік өнімдерді жарнамалау, дейді ұйымдастырушылар. – Жәрмеңкені қаланың әр көшесінде маусым сайын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Онда қолөнершілердің бұйымдарын, қазақтың ұлттық өнімдерін қала тұрғындарына ұсынамыз. Сонымен қоса, қазақтың салт-дәстүрін дәріптеуде ...

Читать далее »

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 41 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Биылғы жылы Қаратау ауданы бойынша 41 ойын алаңшасы салынады деп жоспарлануда. Одан бөлек, 10 спорт алаңшасы бой көтеріп, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасалмақ, деп жазады «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі. Қаратау ауданы бойынша 554 көпқабатты үй бар. Олар 192 аулаға біріктірілген. Биыл оның 41 ауласына ойын алаңшасын орнату көзделсе, бүгінде 80 пайызының құрылысы аяқталып, шетінен пайдалануға берілуде. Құрылыс ...

Читать далее »

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 3 ӨНДІРІСТІК АЙМАҚ БАР

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің Еңбекші ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Досбол Есілбек негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды. Еңбекші ауданында 27 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Оның ішінде 3 өндірістік аймақта (Оңтүстік Индустриалды аймағы, Ордабасы ИА, Оңтүстік АЭА) 123 жоба іске қосылған. Бұл жылы аймақтарда 713 жұмыс орнымен 12 жоба жүзеге аспақ. Мемлекет басшысының 2025 жылға ...

Читать далее »

М.ӘЙТЕНОВ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Еңбекші ауданы тұрғындарымен есепті кездесуін өткізді. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың I жарты жылдығында ...

Читать далее »

Отырарлық полицейлер суға түсу ережесін бұзған 35 тұрғынға ескерту берді

Жаз мезгілі келгенде, баршамыздың көзімізге еріксіз суға түсу маусымы елестейді. Яғни, ыстық күнде суға түсіп салқындау дәстүрге айналған, салдарынан жағажайлардан адам толастамайды. Дегенмен өкініштісі сол, жүзу білмейтін не болмаса тыйым салынған аумақтарда суға түсу ережесін сақтамайтын жасөспірімдердің қатысуымен келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осындай олқылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері де түсіндіру жұмыстарын күшейтеді. Мысалы Түркістан облысына қарасты Отырар аудандық ...

Читать далее »

Газ құю бекетінде тонау қылмысын жасаған түркістандық тұрғын ұсталды

Түлкібас аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолындағы газ құю бекетінде жұмыс істейтін оны, таңғы сағат 04:30 шамасында өзіне таныс емес жас жігіт тонап кеткен. Яғни «Мерседес Бенц 124» маркалы көлік жүргізушісі газ құюға арналған 2 құрылғысын ашықтан-ашық тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Аталған жайт ҚПР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алынды. Хабарлама алысымен ...

Читать далее »

Жайылымдық жерден мал ұрлаған күдікті үш жігіт  қамауға алынды

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйелдің тарапынан арыз-шағым  келіп түскен, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Түркістан облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағымданушының айтуынша,  жайылымда жүрген 2 бас сиырын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 550 000 теңгені құраған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша тіркеуге алды. ...

Читать далее »