Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » 2023 » Сентябрь (страница 20)

Месячные архивы: Сентябрь 2023

«АДАЛДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ ӘДІЛДІК БОЛМАЙТЫНЫ» АҚИҚАТ

Елдің дамуы қашан да азаматтарының адами әлеуетіне байланысты екені баршаға аян. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша назар аударды. Ол еліміздің дамуының негізі болатын егіз құндылықтар – адалдық пен әділеттілік екеніне айрықша назар аударды. Президент бастамасымен қолға алынғалы отырған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі күш-қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсетіні ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚ ПІКІРІМЕН САНАСЫП, ЭНЕРГИЯ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДА БАТЫЛ ҚАДАМ ЖАСАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бүгінгі Жолдауы Қазақстан халқына бірінші кезектегі ең қажетті және маңызды мәселелерді шешуге арналды деуге болады. Ол агроөнеркәсіптік кешенді өндірістен терең өңдеу технологиясына көшу және оны цифрландыру, банктердің корпоративтік несиелендіру қаржы саясатын өзгерту, отбасы банктің өңірлер мен аудандарда қаржыландыру саясатын жүргізу, геологиялық барлау жұмысының әлі де баяу қарқында жүргізуіне тоқталып, оны орындауға нақты мерзімдер белгіледі. Республикада расында су ...

Читать далее »

ЖОЛДАУДА ТЕХНИКА ӨНДІРУШІЛЕР МЕН ШАРУАЛАРДЫҢ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛДІ

Нұрлыбай ЕГЕМҚҰЛОВ, М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің аға оқытушысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты. – Әр жыл сайын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауды өз жаңалықтарымен, құнды ұсыныстарымен еліміздің өркендеуіне, жаңғыруына негіз болатын салмақты тұжырымдарымен ерекшеленеді. Мемлекет басшысының Жолдауы – мемлекетіміздің даму жолындағы бағыт берер басты құжаты. 2023 жылдың 1 қыркүйектегі Президент Жолдауының негізгі мәні Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, мемлекетіміздің дамуына арналып отыр. Осыған орай ...

Читать далее »

ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ РӨЛІ ЗОР

Дария ҚОЖАМЖАРОВА, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің басқарма төрағасы – ректоры: –Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің басты бағыты «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын іске асыру. Президенттің кезекті Жолдауы Білім күнімен сәйкес келуі кездейсоқтық емес. Өйткені адами капиталды дамытудың бірден бір қайнар көзі – ғылым мен білім. Кезекті Жолдау білім беру жүйесінің барлық қызметкерлерінің назарын аударды. ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢА ҚАРҚЫНМЕН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

–Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев бүгінгі Жолдауында Қазақстанды халықаралық транзиттік елге айналдыру мәселесіне кеңінен тоқталды. «Жалпы алғанда, Қазақстан Еуразия құрлығындағы басты транзит хабы ретіндегі рөлін арттыруы керек. Осылайша, уақыт өте келе көлік-логистика саласындағы ірі мемлекетке айналуымыз қажет. Көлік-логистика саласын қарқынды дамыту – стратегиялық міндет. Үш жыл ішінде оның ішкі жалпы өнімдегі үлесі кемінде 9 пайызға жетуге тиіс. Ол үшін саланы тиімді басқару ...

Читать далее »

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖӘНЕ БІЛІМ КҮНІ: ИГІ ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын дәл осы Білім күні жариялауы бүгінде игі дәстүрге айналды. 1 қыркүйек – бүкіл ұрпақты біріктіретін Білім мерекесі. Бұл – жаңа оқу жылының бастауы және жас өркеннің өмірдегі жаңа кезеңі білім әлеміне қадам басуы. Мемлекет басшысының Білім күнімен қатар келген биылғы Жолдауын Tashenev University ұжымы біргелікте тыңдап, жан-жақты қолдау білдірді. Мемлекет басшысы Жолдауда ...

Читать далее »

ЕЛІМІЗДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОЛМЕН ДАМЫТУ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙМЫЗ

Ғ.ПАЗИЛОВ, «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы, PhD: –Баршамызға белгілі өткен жылдарынде елімізде ауқымды саяси реформалар жүргізілді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум, Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы, кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі ...

Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ – ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы биыл да 1 қыркүйек күні өтті. Парламент Палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналды. Мемлекет басшысы жастар саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Соның ішінде жастарды дамыту мен оларды қолдауға арналған бағдарлама қажет екенін ескертті. Президент жаңа Жолдауында: «Елімізді инновациялық жолмен дамыту ...

Читать далее »

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ-2023: ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРДІ

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты маңызды құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды. Жолдау көптің көңілінде жүрген ойларға қозғау салды. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері ...

Читать далее »

ЖОЛДАУДАҒЫ БАСТАМАЛАР – ЕРТЕҢГІ КҮННІҢ НАҚТЫ БАҒДАРШАМЫ

Еліміздің Президенті Жолдауда көтерген тақырыптар мен мәселелер өзекті және барлық қазақстандықтарға, оның ішінде ғалымдарға қатысты, өйткені елдің ғылымы маңызды реформалар мен өзгерістерді бастан кешуде. Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауында мемлекет пен қоғам өмірінің барлық бағыттары бойынша сын-қатерлер мен басымдықтар нақты көрсетілді. Жолдауда климаттың өзгеруі, азық-түлік қауіпсіздігі және орнықты даму мәселелері көтерілді. Сол үшін алдағы үш жылда бәсекелестіктегі артықшықтарды тиімді пайдалану ...

Читать далее »