Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «АДАЛДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ ӘДІЛДІК БОЛМАЙТЫНЫ» АҚИҚАТ

«АДАЛДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ ӘДІЛДІК БОЛМАЙТЫНЫ» АҚИҚАТ

Елдің дамуы қашан да азаматтарының адами әлеуетіне байланысты екені баршаға аян. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты биылғы Жолдауында осы мәселеге айрықша назар аударды. Ол еліміздің дамуының негізі болатын егіз құндылықтар – адалдық пен әділеттілік екеніне айрықша назар аударды.
Президент бастамасымен қолға алынғалы отырған ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалар Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі күш-қуатын арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарта түсетіні сөзсіз. 2029 жылға дейін өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіп кешенін, инфрақұрылым мен транзиттік әлеуетті және креативті индустрияны дамыту арқылы Қазақстанның жалпыұлттық ішкі өнімін 2 есе арттыру көзделіп отыр.
Сөз жоқ, бұл – өте асқақ мақсат. Оған қол жеткізу үшін бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Міне, осы тұста Президент айтқан адалдық пен әділеттілік дейтін құндылықтардың маңызы ортаға шығады. Мемлекет басшысы айтқандай, «адалдық жоқ жерде ешқашан әділдік болмайтыны» ақиқат. Сондықтан ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып, орнықты дамуға бет алған, алдыңғы қатарлы мемлекет болуымыз үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы көрсетіп берген «отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болуға» ұмтылуымыз шарт.
Мемлекет басшысы Жолдауда алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындап берді, енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Алдағы уақытта Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек.
Жалпы, ҚР Президентінің кезекті Жолдауы ауқымды болды. Бұл жай ғана тапсырмалар емес, Президент Жолдаудың нақты бағыттарын іске асыру бойынша нық қадамдар мен іс-қимыл алгоритмдерін берді және түсіндірді. Жаһандық шиеленістің жалпы өсуі аясында ел алдында тұрған міндеттерді еліміздің саналы азаматтары ретінде жүзеге асыруға әрдайым дайынбыз.
Мәди БЕСБАЕВ,
Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ әлем тарихы және дінтану кафедрасының аға оқытушысы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*