Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, №2 емхана мамандарымен бірге құрметті тыл ардагері Валентина Соколованың шаңырағына арнайы барды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпарат агенттігі. Қарт ананы алда келе жатқан ұлық мерекемен құттықтаған сала мамандары ардагерден саулық сұрасып, сыйлықтарын табыстағаннан соң, оның қиын-қыстау жылдарда бастан өткерген оқиғаларын тыңдады. 1937 жылы 31 мамырда дүниеге келген Валентина Соколова медицина саласында фельдшер мамандығы бойынша білім ...
Читать далее »Годовые архивы: 2024
АЛПЫС ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР АЛТЫН ҰЯ
Шымкент қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Ә.Молдағұлова атындағы №29 мектептің құрылғанына – 60 жыл, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 99 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қалалық білім басқармасының басшысы Н.Шамшиева, қалалық мәслихаттың төрағасы Б.Нарымбетов, мәслихат депутаттары арнайы қонақ ретінде қатысты. Қонақтар алдымен мектеп ауласындағы Ә.Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, фойедегі көрмені аралап болған соң мектептің 60 жылдық тарихына ...
Читать далее »ВИЦЕ-МИНИСТР ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Мегаполистің әлеуметтік қызметтерін қолдау, қызметтер қолжетімділігін арттыру мақсатындағы іс-сапарын вице-министр Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» жұмысымен танысудан бастады. Орталықты аралап, зейнеткерлердің ұсыныс-тілектерін тыңдаған вице-министр, орталықтың жиналыс залында үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен, жұртшылықпен, әлеуметтік мекемелер ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында вице-министр ...
Читать далее »Шымкент: Әскердегі спортшылар жастарды шабыттандыруда
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті — Орталық спорт клубының Шымкент қаласындағы Спорт кешені үйірмелерінің тәрбиеленушілері мен 35748 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі сарбаздары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының атақты боксшыларымен кездесті. Кездесуге бокстан еліміздің бірнеше дүркін Спартакиада чемпионы, әскерлер арасындағы Әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Құттыбеков пен Алматы қаласындағы орталық спорт клубының аға жаттықтырушысы, бокс ...
Читать далее »АРЫСТА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТҰҢҒЫШ КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Арыс қаласында Түркістан облысыдағы тұңғыш кадет сыныбы ашылды. Жастарды өз Отанын сүюге, ел тыныштығын күзету мен ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға баулитын сыныпқа Арыс қаласында қызмет бабында қаза болған полиция капитаны Бибасар Отарбековтің есімі берілді. Сыныптың ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, Түркістан облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Аскаров, Арыс аудандық ...
Читать далее »БӘЙДІБЕК: АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жылдық есебі тыңдалды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Имангелді Түймебаев, аудандық прокуратура, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округі әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-ның өкілдері қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тұрсынәліұлының төрағалығымен өткен жиында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Нұрдәулет Кәмілұлы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің 2023 жылғы 12 айдың ...
Читать далее »Еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр
Қазіргі күні Қазақстанда отбасы институтының беделін арттыру, нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азаймай тұр. Еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл туралы Abai.kz порталына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі жазады. Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің ...
Читать далее »ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Осы аптада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығымен жалғасуда . Апталық барысында әр аудан тазалық жұмыстарын ұйымдастырып келеді. Осы орайда Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында қала жастары мен белсенді азаматтар қарттар үйіне барды. Қарттар үйінің ауласында белсенділер тазалық жұмыстарын жүргізіп, талдардың түптерін әктеп, өсіп кеткен шөптерді қырқып, қоқыстарды шығарды. —«Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстарын ...
Читать далее »«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда. «Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Ж.Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры — Ануарбек Талғат, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау ...
Читать далее »«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ ӘРІ ӨНЕГЕ, ӘРІ ИГІ ІС
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы барысында апталыққа қатысты түрлі тақырыпта іс шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000 ға жуық адам қатысты. Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды. Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары