Шымкент қаласында аға буын өкілдерінің белсенді өмір сүруіне, денсаулығын нығайтып, қоғамдық ортадан қол үзбеуіне бағытталған жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді. Соның жарқын үлгісі – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты Белсенді ұзақ өмір орталығы. Орталық зейнеткерлердің өмір сүру сапасын арттырып, оларды зияткерлік, шығармашылық және қоғамдық белсенділікке жұмылдырады, сондай-ақ, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған мәдени-демалыс жұмысты дамытады. Бүгінде орталықтың төрт бөлімшесінде ...
Читать далее »Годовые архивы: 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ САЛЫНУДА
Шымкент қаласында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ерекше күтімді қажет ететін адамдарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы ауқымды жобалар жүйелі жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынып жатқан 150 орындық заманауи оңалту орталығы. 2024 жылдың желтоқсан айында басталған құрылыс бүгінде қарқынды жүргізілуде. Бозарық шағынауданында орналасқан кешеннің жалпы аумағы 5,3 гектарды құрайды. Жоба 5 блоктан тұрады және халықаралық талаптарға ...
Читать далее »ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 3500 БАЛА ОҢАЛТУДАН ӨТТІ
Шымкент қаласында балаларға арналған оңалту қызметтерінің сапасы жыл сайын артып келеді. Денсаулық сақтау басқармасына қарасты медициналық ұйымдарда жыл басынан бері 3500-ге жуық бала оңалту емінен өтті. Мамандардың айтуынша, ерекше балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасы жақсаруының нәтижесінде оң динамика жоғарылап отыр. Оңалтудан өткен балалар түгел дерлік (99,3%) денсаулығы жақсарып, үйлеріне шығарылған. Қалада №1, №2 және «Мейірім» оңалту орталықтарында церебральды сал ауруының ...
Читать далее »В ШЫМКЕНТЕ В ДВУХ МЕДИЦИНСКИХ ОРГАНИЗАЦИЯХ ПРОВОДИТСЯ МАСШТАБНЫЙ КАПИТАЛЬНЫЙ РЕМОНТ
В Шымкенте продолжается системная работа по развитию системы здравоохранения и повышению качества медицинских услуг. В рамках этой работы в двух крупных медицинских организациях города ведутся масштабные капитальные ремонты и реконструкция объектов. В городской больнице №3 проводится капитальный ремонт главного корпуса. Медицинское учреждение расположено на территории площадью 2,6 га. Работы выполняются поэтапно и охватывают как внутренние, так и внешние части здания. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА АУҚЫМДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Шымкент қаласында халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында екі ірі медициналық ұйымда күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмысы қарқынды жүзеге асырылуда. Қалалық №3 аурухананың бас ғимаратында ауқымды күрделі жөндеу жұмысы бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Аумағы 2,6 гектарды құрайтын бұл медициналық мекемеде ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Есік-терезелер толық ауыстырылып, жылыту жүйесі ...
Читать далее »ТАУЛЫ ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІ ҚАРУЛАСТАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласындағы “Жеңіс” саябағында Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыста қаза болған боздақтарды еске алуға арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қаза болған қаруластардың рухына тағзым ету, олардың ерлігін ұрпақ жадында сақтау және жас буынға патриоттық тәрбие беру. «Таулы Қарабах ардагерлері мен мүгедектерінің Республикалық Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы ұйымдастырған жиын Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Одан кейін ...
Читать далее »ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында 200 орынды ірі перинаталдық орталықтың құрылысы қарқынды жалғасуда. Қазіргі таңда нысанның қазаншұңқырын қазу жұмысы аяқталып, іргетасына бетон құйылуда. Үш қабатты ғимаратта лаборатория, тамақтану блогы, бақылау-өткізу пункті, қазандық, медициналық газ станциясы және шаруашылық аймағы қарастырылған. Сонымен қатар, 123 автокөлікке, 16 әкімшілік көлігіне және 8 жедел жәрдем көлігіне арналған автотұрақтар, 120 м³ су резервуары, автокөліктерді дезинфекциялау алаңы мен саябақ болады. ...
Читать далее »ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН «БАЛАУСА» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Шымкентте мейірім мен қамқорлыққа негізделген игі бастамалар жалғасып келеді. Қалада ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын жақсартуға, олардың қоғаммен етене араласуына және жан-жақты дамуына бағытталған жаңа әлеуметтік нысан – «Балауса» балаларға арналған №11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жұмысын бастады. Мирас шағынауданында орналасқан еңселі төрт қабатты ғимарат бүгінде жүздеген отбасы үшін үміт пен сенімнің мекеніне айналуда. Жалпы аумағы 2977,6 шаршы ...
Читать далее »МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ ҚОЛДАУЫМЕН «ШЫМКЕНТ САЗ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Кәсіпкер Сейітханова Гүлнұр 2025 жылы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін 5 млн теңгеге дейінгімемлекеттік гранттар конкурсына қатысып, «Сазбалшық өндірісі және сазбалшықтан емдік және шығармашылық әдіс-тәсілдермен оқыту орталығы» әлеуметтік бағдарланған жобасын іске асыруда. Жобаның негізгі мақсаты – Шымкент өңірінің табиғи саз балшығын экологиялық таза өнім ретінде өңдеу арқылы жергілікті өндірісті дамыту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Грант қаражаты есебінен қажетті өндірістік жабдықтар сатып ...
Читать далее »ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КІТАПХАНАЛАРҒА 200 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚЫРМАН КЕЛГЕН
Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы өңірдегі ірі рухани-мәдени орталықтардың біріне айналды. Кітапханада «Атамұра» қолөнер үйірмесі, «Сандық» шеберханасы, «Фараб» кинозалы, 400 орындық концерттік зал және подкаст жазуға арналған заманауи студия жұмыс істейді. Бұл туралы өткен брифингте облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Жанат Шардарбекова мәлімдеді. «Бүгінде Түркістан облысында 390 мемлекеттік кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Кітап қорының жалпы саны 6 миллионнан ...
Читать далее »
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары