Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН-АЛУ ШАРАЛАРЫ

Келес ауданының прокуроры Б.Сейфолланың төрағалығымен мал ұрлығының алдын-алу бағытында құзырлы органдармен атқарылған жұмыстар бойынша жиын өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Қарақұлов, аудандық ПБ басшысының 1-ші орынбасары Е.Жаппаров, “Қазақстан фермерлер одағы” қауымдастығы филиал төрағасы М.Көлбаев, ветеринарлық қызмет және мекеме, базар басшылары т.б. қатысты.
Жиын барысында мал ұрлығына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралып, шешім жолдары талқыланды.
Жыл басынан бері аудандық полиция бөлімінде үй жануарларын (жылқы, қара/ұсақ мал) ұрлауға қатысты 45 қылмыстық іс тіркелсе, оның 21-і ашылған. Ал қалған қылмыстар бойынша тергеу-жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы аудандық ПБ бастығының 1-орынбасары Е.Жаппаров мәлімдеді. Көрсеткішке көңілі толмаған аудан прокуроры Бақыт Сабырханұлы жұмысты ширатуға нақты тапсырма жүктеді.
— Жалпы, мал ұрлығының алдын-бағу бағытында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Алайда, бұл жеткіліксіз. Мал ұрлығының алдын-алу, болдырмау үшін шаруа қожалықтары мен тұрғындар да салғырттық танытпай, қырағы болуы керек. Үй жануарларын жайылымға иесіз жібермеу қажет. Сосын мал иесі, бақташы және жергілікті әкімдік өкілі арасында үш жақты келісімшарт жасалғаны жөн. Бірақ, бұл ұсыныс немқұрайлы қаралуда. Ал, иесіз жүрген мал бірден ұрының көзіне түседі де, қолды болады. Сосын тұрғындар өз беттерімен 1-2 айдай іздеп, нәтиже шықпағасын кеш барып, полицияға хабарлайды. Ол кезде ұрланған үй жануарлары сойылып, сатылып кетеді — деген аудан прокуроры шаруалардың да мал ұрлығын алдын-алу үшін бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Жиын барысында мал саудалайтын базар, мал сою орындарында бейнебақылау камерасын орнату ұсынысы айтылды. Сою, сату үшін әкелінген үй жануарларын құжатсыз қабылдамау сырғалау, таңбалау мәселесін қолға алып, ауданның бірдейлендіру дерекқорына енгізуге міндетті. Сонымен бірге, иесіз жүрген малдарды ұстау орнын ашу, облыстық маңызы бар жолдарда үй жануарларының макетін сынақ ретінде орналастыру, бірлескен рейдтік шараларды жүргізу мәселелері қаралды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*