Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Қылмыстық қудалау саласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

Қылмыстық қудалау саласында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі қаралды

Облыс прокуроры кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, оларды қылмыстық қудалау шеңберіне заңсыз тарту фактілеріне жол бермеу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Құқық қорғау органдарының есептері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша бизнес қауымдастыққа қатысты СДТБТ-де тіркелудің әрбір фактісін қадағалаудың нақты әдістері әзірленіп, тиісті ұсынымдар берілді.

Жалпы, жыл басынан бері мобильді топтарға кәсіпкерлерден 48 шағым түсіп, прокурорлық қадағалаудың 39 актісі енгізілді. 13,7 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 21 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 103,2 млн.теңге айыппұл сомасына 5 мыңға жуық әкімшілік іс тоқтатылды, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген 18 заңсыз тексеру анықталды.

Сондай-ақ, облысы прокуратурасы Президент тапсырмасын орындау мақсатында бизнес субъектілеріне қатысты қылмыстық қудалау органдарының өндірісіндегі, сондай-ақ процестік шешімдер қабылданған қылмыстық істердің заңдылығын зерделеп, құқыққа сыйымсыз өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін анықтады.

Сол себепті, заңсыз басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері ақталатын негіздермен тоқтатылып, олардың құқықтары қалпына келтірілді.

Осыған орай, облыс прокуратурасы орын алған заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелеріне қатысты құжаттарды сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізіліміне Қылмыстық кодексінің 362-бабының 1-бөлігімен тіркеп, заңды процестік шешім қабылдауды құзырлы органдарға тапсырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*