Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Есірткінің заңсыз айналымы

Есірткінің заңсыз айналымы

  Ең бастысы есірткінің адам өміріне алып келетін зияны туралы айтатын болсақ,орасан зор. Зиян болмаса, бұл істер сотта қаралмас еді. Есірткінің мөлшеріне байланысты,  заңда аса ауыр, ауыр қылмыс деп  санаттарға бөлінген. Есірткінің психотроптық заттардың заңсыз айналымы туралы арнайы заң бар. Заңда есірткі мөлшерінің кестесі қосымша көрсетілген. Кестеде белгіленген есірткі мөлшері жетпейтін болса, әкімшілік жаза қолданылады. Ал аса ірі мөлшерді құраса қылмыстық жаза қолданылады. Елімізде есірткі қылмысы бойынша, жазаны жеңілдету туралы Үкіметте мәселе қаралған. Егер адам есірткіге тәуелді болса, есірткі мөлшері тек   тұтынуына ғана жеткілікті болса.  Тұтынушы есірткі қолданатындығы туралы есепте тұрса, кешенді шаралар негізінде  ізгілендіру  қарастырылады.
       Қазіргі таңда, өңірімізде егін шаруашылығы дамыған. Кейбір заңды білмейтін азаматтар, есірткіні өз бақшасында егіп, тоғайда немесе егістік көп жерде жасырын түрде оларды баптап, су арып өсіреді. Ол үшін жоғарыда атап өткендей, арнайы қатаң жауаптылық көзделген. Есірткі затын медициналық  тапсырыстың негізінде егіп, тасымалдап, сақтауға рұқсатын алған жағдайда, оның айналымына заңмен тыйым салынбайды әрі,қылмыстық жауапкершілік болмайды. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2021 жылы осы санаттағы 22 адамға қатысты 21 іс қаралды. Статистика бойынша күздің аяғында істер көбейеді. Өйткені есірткі заты жиналып, пісіп жетілген уақытта оны өткізеді де ұсталады.  Біздің  сотымызда осы санаттағы істер бойынша, былтыр екі адам ақталған. Оның біреуі Аппеляциялық сот алқасымен күшінде қалдырылды. Бүгінгі таңда қоғамда барлық азаматтар, есірткі қолдануға, оны егіп, баптауға қарсы күресуі қажет. Алайда, бауырлас азаматтарымыз жұмыссыздық жағдайында, тұрмыстық жағдайларының төмендігіне байланысты, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер ақша табу мақсатында осындай қылмысқа барады. Яғни есірткіні тасымалдаумен  айналысып, екі жақты делдалдық жұмысы үшінде ірі мөлшерде табыс  табамыз деген үмітпен қылмыс жасайды. Нәтижесінде, қылмыс үшін, заңмен жауаптылыққа тартылады. Егерде есірткінің заңсыз айналымы туралы біліп, естігенде азаматтық белсенділігімізді арттырып, 102 нөмеріне хабарлауымыз қажет.

Қасым Қалмағамбетов,
Қазақстан Республикасының әрбір азаматтары құқыққа сыйымсыз, қайшы әрекеттерге төзбеушілігін көрсетулері тиіс.
Түркістан облысының Қылмыстық  істер жөніндегі мамандандырылған   ауданаралық сотының төрағасы

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*