Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның ортақ iсі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның ортақ iсі

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің жетістіктерін жоққа шығарып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп — қатер төндіретіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы індетпен күресу болып табылады. Бұл індет дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Қоғамның бақытты болашағын тежейді, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді, жұртшылықтың заң мен әділдікке, ел билігіне деген сеніміне сызат түсіреді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық дегеніміз жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалану. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, сыбайлас жемқорлық — бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделін түсіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына алып келеді.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін әр азамат өзінің құқықтық сауаттылығын арттыруы керек, яғни әрбір азамат Қазақстан Республикасының заңнамаларындағы құқықтары мен міндеттерін жақсы білулері тиіс. Құқықтық сауатсыздықты жоюда электронды ақпарат құралдарының маңызы зор. Қазіргі таңда, электронды ақпарат құралдары барлық азаматтардың қолдарында бар. Өзінің құқықтарын жақсы білетін тұлға өзіне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын білетін болады. Егер әр тұлға өзiнiң құқығын қорғап, заңға сай әрекет жасайтын болса, кейбiр парақор лауазымды тұлғалардың алдап-арбауына, әртүрлi қулық-сұмдығына қарсы тұрып, парақорлық факторларының орын алуына жол бермес еді. Сондықтан да құқықтық бiлiктiлiк пен мәдениет, заңды сыйлау – бiрiншi кезекте тұруы тиiс. Ендеше, қазiр қоғамда көп айтылып жүрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаның ортақ iсi. Еліміздің өркендеп дамыуына мүдделі әрбір азамат бұл індеттің жойылуына өз үлесін қосуы тиіс.
Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы бас маманы И.Шериев

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*