Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » ТҮРКІСТАН: Прокуратура мемлекеттік айыптауды сапалы қолдауға қол жеткізді

ТҮРКІСТАН: Прокуратура мемлекеттік айыптауды сапалы қолдауға қол жеткізді

Облыс прокуратурасының қадағалау қызметінде азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы басым бағыт ретінде айқындалған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 16 наурызындағы «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша мән беретінін атап өткен еді. Осы орайда облыс прокуратурасының қадағалау қызметінде азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы басым бағыт ретінде айқындалған. Ол міндеттерді іске асырудың негізгі бастамасы – сотта мемлекеттік айыптауды сапалы қолдау.

2022 жылдың 9 айында бірінші сатылы соттарда 1320 (2021ж. 9 айы -1415) қылмыстық іс қаралып, 1054 (1123) айыптау үкімдері шықса, 266 (292) іс тоқтатылған. Прокурорлық өтінішхаттар бойынша 44 (45) тұлғаға қатысты сот үкімдері сәйкестендірілсе, Жоғарғы Сотта – 9 (6), оның ішінде екі заңсыз сотталғанға қатысты айыптау үкімдерінің күші жойылып, конституциялық құқықтары қорғалды, оның біреуі кәсіпкерлік субъектісі.

Мәселен, бірінші сатыдағы сот  үкімімен Е.Жүнісов ҚК 24-бабы, 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 1 500 000 теңге айыппұл жазасы тағайындалған. Яғни, бұл азамат мекеме директорының міндетін атқара жүріп, мекеме  жанындағы сауда орталығынан сауда орнын ашуға рұқсат бере алмайтынын біле  тұра, екі азаматшаға сауда орнын ашуға рұқсат беретінін айтып, қызмет бабын  пайдаланып, 150 000 теңге ақшасын алдау арқылы иеленуге оқталғаны үшін кінəлі деп танылған. Дегенмен, қылмыстық істің құжаттарына сəйкес, мекеме директорының қызметін атқарып жүрген Е.Жүнісовтың ақша қаражатын талап  етпегені, одан бас тартқаны анықталды. Айта кетсек, бірінші сатыдағы соттың үкімі қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен өзгеріссіз қалдырылған. Сондықтан облыс прокуратурасынан Бас прокуратураға Е.Жүнісовке қатысты сот актілерінің күшін жою туралы кассациялық наразылық келтіру жайлы өтінішхат келтіріліп, қолдау тапты. Нәтижесінде, Жоғарғы Соттың қаулысымен жоғарыда көрсетілген сот актілерінің күші жойылып, қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы, 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде, яғни қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Осы мағыналас, бірінші сатылы сот үкімімен жеке кәсіпкер Д.Оспанова  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің атынан мүліктік пайда алу мақсатында іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей, басқа серіктестіктің өкіліне алдын ала келісім бойынша жалпы сомасы 405,2 млн. теңгені  құрайтын тауарға шот-фактуралар жазып, қызметі  үшін жалпы соманың 5 пайызы – 20 млн. теңгеге сатуға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Сөйтіп, ҚК 24-бабы, 3-бөлігі, 216-баптың 1-бөлігімен 2,5 млн. теңге айыппұл салынған. Алайда, қылмыстық іс құжаттарын зерделеу барысында жеке кәсіпкер Д.Оспановаға қатысты басқа серіктестіктің өкілі тарапынан жалған шот-фактуралар жасап беруге, яғни қылмысты жасауына арандату дерегі орын алғаны анықталды. Бұл ретте, облыс прокуратурасы Бас прокуратураға Д.Оспановаға қатысты сот актісінің күшін жою туралы кассациялық наразылық келтіру жайлы өтінішхат келтіріп, ол қанағаттандырылды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының тікелей бақылау жүргізуінің нәтижесінде алғашқы рет жол инфражүйелерін өзгерткені үшін мекеме басшысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, облыс прокуратурасы М-32 «Шымкент-Самара» трассасының Бас жоспарына зерделеу жүргізіп, 2192-шақырым аймағында автомобиль жолының екі кері айналма бұрылыстарын ашу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуге заңсыз ордер беріп, осы ордер негізінде жол ортасындағы доңғалақ қағар темір (КОБ) белдеуін ашып, екі жолдың ортасынан бетон жамылғысын құйып, заңсыз екі кері айналма бұрылыс жасаған. Осы заңсыз ашылған кері айналма бұрылыста мағыналас 2 жол көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 4 адам көз жұмған.

Сондықтан, республикалық маңызы бар «Шымкент-Самара» тас жолында көлік бұруға ордерді заңсыз берілуіне байланысты автожолды салу және оған қызмет көрсету кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін «Қазавтожол» ЖШС Түркістан облысы бойынша филиалының бұрынғы директорына қатысты ҚК 353-бабы, 4-бөлігімен айыптау үкімі шығарылды.

Сонымен бірге, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан жәбірленуші Бейсеновке өзі жасамаған мал ұрлық жасағанын мойындауға мәжбүр етіп, күш қолданып, қинаған фактісі бойынша Ордабасы аудандық сотымен ақталған. Облыс прокуратурасы бұл сот актісімен келіспей, өтінішхат келтіріп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен ақтау үкімінің күші жойылды. Қазіргі таңда Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралу сатысында.

Бұдан бөлек, қоғамдық алаңдатушылық тудырған 2093 адамға 3 млрд. теңгеден астам материалдық шығын келтірген «Evolution Corporation», «Indigo-24»  ЖШС-нің басшылары мен қызметкерлеріне қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, сонымен қатар алаяқтық дерегі бойынша 25 адам сотты болып, түрлі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Тура осындай 650 жәбірленушіге 1,7 млрд. теңге материалдық шығын келтірген қаржылық пирамиданы ұйымдастырғаны үшін 3 адамға қатысты айыптау үкімі қабылданды.

Сондықтан облыс тұрғындары қаржылық пирамиданың алдын алу мақсатында өздерінің қаржыларын күмәнді болған, «қаржылай пайдаға кенелесіз, ақшаңызды еселеп қайтарасыз» деген жалған ұсыныс келтірген қаржылық ұйымдарға салудан сақ болуға, бұл заңды тұлғалардың арнайы лицензиясын бар-жоқтығына, жергілікті салық органына тіркелгендігіне көз жеткізу қажет.

 Д. Сыздықов,

Облыс прокурорының бірінші орынбасары

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*