Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Әлеумет » Балаға алимент — бұл міндетті төлем

Балаға алимент — бұл міндетті төлем

Баланы күтіп-бағу жөніндегі міндет ата-ананың әрекетке немесе еңбекке қабілеттілігіне, сондай-ақ баланың алимент алуға мұқтаждығына қарамастан туындайды және ол кез келген жағдайда орындалуға жатады.

Алайда, біздің қоғамда жауапкершілік сезімі төмен ата-аналар аз емес. Балаларын аш-жалаңаш қалдыратындардың көпшілігі олардың проблемаларына мән бермей, киіну, тамақтану, мектепке немесе балабақшаға бару керек екенін ескермейді.

Алимент – бұл келісім бойынша немесе сот шешімі негізінде төленетін кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға арналған міндетті төлем, бұл баланың табысы, сондықтан оны тек оның қажеттіліктері мен мүдделері үшін жұмсау керек. Бұл төлем кәмелетке толмаған балалардың өмір сүруінің маңызды және кейде жалғыз көзі болғандықтан, оларды қалай қолдау керектігін білу қажет.

Бүгінгі таңда алимент мәселесі бір көрінгеннен әлдеқайда күрделі. Көбіне билік өкідері ата-ананың балаларына материалдық жағынан көмек бермеуімен ғана емес, сонымен қатар ата-ананың өз міндеттерін немқұрайлылықпен орындауымен, балаға адами тұрғыдан көңіл бөлмеумен соқтығысуда.

Алимент төлеуден жалтарушылырдың көпшілігі тек балаларға ғана емес, Қазақстан Республикасының заңдарына да бей-жай қарайды, соның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен және Қылмыстық кодекстің 139-бабымен жауапкершілік көзделгенін елемейді.

Сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін ӘҚБтК-нің 669-бабы 1-бөлігіне сәйкес жеке тұлғаларға – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Ал, Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес алимент төлеу мерзімдерін бірнеше рет өрескел бұзғаны немесе оларды төлемегені үшін борышкер алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Балаңды ұмытпа – алимент төле!

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*