Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАЛАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

БАЛАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялап, олардың құқықтық, әлеуметтік тұрғыда қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Бүгінде балалар арасында үлкен қауіп төндіріп отырған интернеттегі зорлық-зомбылық мәселесі.

Бүгінде балалар күнұзаққа ғаламторда отырады. Жалпы, әлем зерттеушілері әрбір секунд сайын бір бала интернетке алғаш рет тіркелетінін айтады. Иә, ғаламторды ақпараттық ресурсын пайдалану балалардың жан-жақты білім алып, дамуына жол ашады. Дегенмен, бұл ресурсты тиімді әрі пайдалы жағына, сараптап қолданған дұрыс. Мәселен, ғаламтордың мүмкіндіктері арқылы шығармашылығы дамып, ойлау көкжиегі кеңейгендер жетерлік. Алайда, баланың алған бағыты мен ата-ананың қадағалауы дұрыс болмаған жағдайда түрлі тәуекелдер кездесуі мүмкін.
Жастар әлеуметтік желілерді, жедел хабарлама алмасу платформаларын қолданған сайын құрдастарынан, өзге де зорлық-зомбылық нысандары тарапынан зардап шегуі мүмкін. Интернетте сілтеме бойынша өткен кезде балалар өшпенділікке, бейәдеп сөздерге толы фото-видео материалдарға кезігетіні анық. Сондықтан әрдайым баланың қандай желілермен жұмыс істеп отырғанын қадағалап, қолданатын сайттарына тиісті шектеулер орнатқан жөн.
Бүгінде ел арасында кибербуллинг ұғымы кең таралып жүр. Кибербуллинг — адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Кез келген адам кибербуллингке ұшырауы мүмкін. Егер де киббербуллингке тап болсаңыз, онлайн қауіпсіздікті сақтау қажет және мұндай жағдайда көмек сұрауға қорықпау керек.
Егер де интернет мүмкіндіктерін біреуді әдейі ренжіту, қорлау немесе ызасын келтіру үшін пайдалансаңыз, тіпті, біреу туралы ренішті постқа қолдау білдірсеңіз, онда бұл – кибербуллинг.
Буллинге ұшыраған адам басқалардың оған қарсы біріккенін сезінеді. Ол адамның психологиясына кереғар әсер етеді. Кейде буллингтің кесірінен күйзеліске түсіп, өзіне қол жұмсауы мүмкін.
Адамдар күйзеліске түскенде өзін түсінетіндермен тілдескісі келеді. Дәл осы кезде балаларға отбасы мүшелерінің жақын болуы, оның ішкі дүниесін түсінуі маңызды. Сондай-ақ, еліміздің кемел келешегі үшін балалардың тек қажетті ақпаратты пайдаланып, кереғар дүниеге әуес болмауын қадағалау — бізге міндет.

Г.АБИЛЬДАЕВА,
Шымкент қалалық №2 емхананың психолог маманы

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*