Шымкент қаласының мектептері арасында «Саптық және әндер байқауы» әскери-патриоттық сайысының ақтық кезеңі өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған жарыс «Біртұтас ұлт – біртұтас әскер» әскери-патриоттық тәрбие бағдарламасының «Жас сарбаз: бейбіт елдің ұланымыз» аясында 200-ден астам қатысушының басын қосты. Ал, мемлекеттік туды алып шығу және қатысушылардың баяндауы сайысқа ерекше салтанатты реңк беріп, жастарды патриотизм рухында тәрбиелеудің және аға ұрпаққа құрмет көрсетудің маңызды екенін көрсетті. Іс-шара барысында қалалық қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Әбдіғабит Шегебаев мемлекеттің тарихын құрметтеу ғибрат аларлық іс екенін тілге тиек етіп, балаларға Отанның нағыз қорғаушысы болып өсіңдер деген тілегін айтты.
– Мұндай іс-шаралар ұжымның жұмыла жұмыс істеуіне ықпал етіп, әскерге баруды, Отанды қорғауды абыройлы міндетім дейтін жастардың бойында терең рухани сезімін оятты, – деді полковник Әбдіғабит Шегебаев. Сонымен қатар, «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастапқы әскери дайындық және технологиялар бөлімінің бастығы запастағы подполковник Андрей Лысяковтың төрағалығымен қазылар алқасы сөз сөйледі. Оған қалалық Қорғаныс істері департаментінің, білім басқармасының және ардагерлер ұйымдарының өкілдері кірді. Командаларды бағалау бес ұпайлық меже және баяндаудың анықтығы, киім нысаны, бұйрықты дұрыс беру, сапта жүру және қару-жарақпен саптық тәсілдерді орындау қабілеті бағаланды. Айта кетейік, іс-шараның алдында ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтатын болсақ, сынып жетекшілер оқушыларымен бірге ән, командаға бірыңғай киім түрін таңдады. Сондай-ақ, саптық командаларды орындаудың үйлесімді шығуы үшін көптеген жаттығулар орындалды. Нәтижесінде барлық командалар лайықты өнер көрсетті.