Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 411 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН 5 ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ КӨЗДЕЛУДЕ

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНДА 411 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫМЕН 5 ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ КӨЗДЕЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілгені белгілі.
Қазақстан Президенті «Арнайы экономикалық аймақтарға инвестициялық жеңілдіктерді саралап беру керек. Неғұрлым көп ақша салсаң, соғұрлым көп жеңілдік аласың деген ұстаным басты қағида болуы қажет. Жұмыс істейтін саласы негізгі бағыт болмаса да, маңызды индустриялық жобаларды жүзеге асыратын инвесторлар бар. Оларға салық және кеден жеңілдіктерін ұсынбай-ақ, жер телімдерін беруге болады. Барлық инвестициялық міндеттемесін адал орындайтын кәсіпорындар да бар. Оларға арнайы экономикалық аймақтан жер телімін жеке меншікке беру мәселесін шешу қажет» деп атап өткен болатын.
2021 жылы жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймағы құрылды. Жаңа индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 2023-2026 жылдар аралығында 200 млрд. теңгеге 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрумен жүзеге асырылатын 50 жобаның пулы әзірленді.
Аталған аймақта инвестициялық құны 147,2 млрд. теңге құрайтын, 4023 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 42 жоба іске асырылуда.
Оның ішінде, 2023 жылы инвестициялық құны 7,1 млрд. теңге құрайтын, 411 жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу көзделуде.
Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау мақсатында 2023 жылға 18,7 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 15,2 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,5 млрд. теңге. Жалпы жыл басынан 1,4 млрд. теңгеге 2 056 жобаға қолдау көрсетілген.
«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 2023 жылға 17,3 млрд. теңге бөлінген.
Бүгінгі таңда, 1 922 жобаға 1,2 млрд. теңгеге қолдау көрсетілді.
Сонымен қатар, «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 2023 жылға 1,4 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 134 жобаға 222,1 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
Бүгінде қала аумағында жалпы ауданы 643 мың ш.м. 36 базар жұмыс істейді, оның ішінде әмбебап – 19, мамандандырылған — 17.
ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы қала базарларын құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіруді, базарларды жаңғыртуды талап етеді. Талаптарға сәйкес 19 базар қайта құрылымдауға жатады.
Атап айтқанда;
1. Бекжан,
2. Шымкент Тұлпар,
3. Исатай (Алатау),
4. Акбар,
5. «Иманалиев» мал базары,
6. Барыс,
7. Жабық базар,
8. Көктем,
9. Жібек Жолы,
10. Жаңа шахар,
11. Назым апа,
12. Көмеш бұлақ базарларына реконструкциялау және құрылыс нормаларына сәйкес келтіру жұмыстары аяқталды.
Ал Авто Нұр, Орталық қырғы базар, Алаш, Айна, Самал базарларына модернизациялау жұмыстары жүргізіліп, сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келтірілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*