Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды

Шымкентте интернет-алаяқтықтың 31 жайты анықталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 2023 жылдың 18 мен 20-сәуір аралығында республика аумағында «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс шараның мақсаты — интернет-алаяқтыққа қарсы күрес, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқықбұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу.
Сондай-ақ, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, интернет-алаяқтықты, порнографияны оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, суицидалды бағыттағы ойындарды, интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтау болып табылады.
«Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күндік қорытындысы бойынша бұрын жасалған 31 қылмыс ашылды. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бабы бойынша 1 жайт тіркеліп, анықталды. 14 заңға қайшы сайттар бұғатталды.
Соңғы уақытта интернет желісін алаяқтық мақсаттарда пайдалану арқылы құқық бұзушылықтар саны артты. Адамдарды алдау
үшін алаяқтар әлеуметтік желілерді, сауда интернет-алаңдарын пайдаланады, жалған интернет — дүкендер, «жалған» парақшалармен мен сайттар жасайды.
Осыған байланысты, қалалық полиция бөлімі сақтық шаралары туралы ескертеді:
— парольдерді үнемі өзгертіңіз, және ол күрделі болуы керек;
— төлем жүйелерінде бар барлық қауіпсіздік жүйелерін қосыңыз: смс растау, IP-мекенжайды бақылау, 3D-secure және т.б.;
— банк картасын қараусыз қалдырмаңыз, белгісіз және бейтаныс адамдарға жеке
деректеріңізді, карта нөмірін және CVV-кодты бермеңіз.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*