Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Заңсыз балық аулау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент: Заңсыз балық аулау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Браконьерлік қылмысқа қатысты жазаны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы қатаңдатты. Қазірде Түркістан қаласында және басқа да өңірлерде заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу секілді браконьерлік әрекеттердің алдын алу мақсатында көптеген түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар таратылуда.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының инспекторлары Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шараның мақсаты – балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбею кезеңінде, балық қорғау органдарымен бірлесіп, қала аумағында заңсыз балық аулау, өткізу, сатып алу және тасымалдауды анықтау, жолын кесу, экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.
Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы Ақпан батыр көшесінің бойында балық сатумен айналысатын тұлғалар мен «Қырғы базардағы» балық аулау құралдарын сататын орындарға барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары заңмен тыйым салынған құралдарды сатудағы шектеулер туралы толығырақ айтып, заңсыз балық аулау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын жеткізді.
«Балық аулауға тыйым салынған құралдар пайдаланып, балық аулау қағидаларын бұзып, заңды белшесінен басып пайда тауып жүретіндер бар. Осы ретте, заңсыз балық аулаған азаматтарға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383 бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама толтырылған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады» — деді полиция подполковнигі Бауыржан Жумабеков.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*