Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Шымкент: Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді

Шымкент: Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды. Осы орайда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Шымкент қаласындағы Қарабастау су құбыры құрылысының 50 пайызы аяқталды, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласындағы Чумчак пен Сай каналдары пайдалануға берілді, деп хабарлайды jetpisbai.kz. Сайрам ауданына қарасты 250-дей шаруа қожалығы енді судан тапшылық көрмейді. Себебі осыған дейін қала аумағындағы жұмысы тоқтап тұрған Чумчак және Сай каналдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Екі жыл бұрын құрылысы басталып, аяқталмай қалған канал ағысының тоқтауы шаруалардың егістігіне залалын тигізіп, тұрғындар тарапынан наразылық тудырған еді. Жуырда мәселе оң шешімін тапты.

— Су реттеуге арналған 21 шлюз қойылды. Бетондық қаптамалармен қапталды. Арналарда су тапшылық туындамау үшін бақылаушымен реттеліп отырады. Енді 7,5 гектар аумақтаңы егістікті сумен қамтиды. Жалпы каналдың ұзындығы 5,3 шақырым. Бүгінгі таңда екі каналдың құрылысы толық бітіп, Көк және Шапырашты каналдары аяқталуға жақын. Пайдалануға берілетін уақыт маусым, шілде айы деп жоспарлануда, — деді қалалық жайлы ортаны қалыптастыру басқармасының басшысы Ержан Жақсылықұлы. Айта кетейік, қазіргі таңда Сайрам ауданындағы каналдарға су Сайрам өзенінен алынады. Бұған дейін каналдардың жұмысы бақылауда болмағаны және су арналары реттелмегендіктен шаруалардың егістігі қурап, диханшылықпен айналысуды тоқтатқан. Биылдан бастап шаруа қожалықтары көбейіп, нәтижесінде көкөніс көлемі артпақ.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы бойынша 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауыл шаруашылығы мақсатында, 7-еуі қаланың ішіндегі ирригациялық мақсатта пайдаланылады. Өткен жылы егістік жерлерді суару каналдарының су өткізу қабілетін жақсартуда мемлекеттік-жекешелік əріптестік аясында жалпы ұзындығы 197 шақырымды құрайтын 24 каналға, атап айтқанда, «Мешіт», «Темір», «Қызыл су», «Чинат-2», «Бозарық», «Құрала»с, «Улух», «Улух-«2, «Чумчак», «Шымкент», «Янгибай», «Текесу», «Көкбұлақ», «Қызыл сеңгі»р, «Гүлдіреуін-1», «Гүлдіреуін-2», «Гүлдіреуін-3», «Сасық -1», «Ақсай-Қарабастау», «Жаңа шек, , «Ынтымақ», «Компас, «Тоғыс, «Сасық» және 2 өзенге (Қошқар ата, Қарасу) механикалық және қолмен тазалау жұмыстары жүргізілді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*