Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЗАҢСЫЗ АВТОКӨЛІК ЖУУ ИЕЛЕРІНЕ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМАЛАР ТОЛТЫРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ АВТОКӨЛІК ЖУУ ИЕЛЕРІНЕ ӘКІМШІЛІК ХАТТАМАЛАР ТОЛТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек, деп айтып өткен болатын.

Осы орайда, Еңбекші ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Осы орайда, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының хаттары негізінде Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан 36 автожуу иелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Аталған автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды:
-құрылысты жобалық құжаттамасыз салу (ҚР ӘҚБтК 316-бабы);
-құрылысты авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізу (ҚР ӘҚБтК 321-бабы);
-құрылысты құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғандығы туралы хабарламаны ұсынбай жүргізу (ҚР ӘҚБтК 463-бабы).
2022 жылдан бері Басқарма тарапынан сот органдарына автокөлік жуу орындарына қатысты 14 талап-арыз жіберілді, оның ішінде мәжбүрлеп бұзу туралы 12 талап-арыз;
* Сот шешімімен 8 талап-арыз қанағаттандырылды; (4-уі сот орындаушының орындауында, 4-уі заңды күшіне енбеген).
* 1 талап-арыз қараусыз қалдырылды;
* 2 талап-арыз сотта қаралуда;
* 1 талап-арыз нысанның пайдалануға қабылдау актісінің рәсімделуіне байланысты бас тартылды.
— Заңнамада белгіленген тәртіппен пайдалануға қабылдау актісі рәсімделгенге дейін нысандарды пайдалануды тоқтату туралы 2 талап-арыз берілген.
* 1 талап-арыз қанағаттандырылды;
* 1 талап-арыз сотта қаралуда.
Аталған заңсыз құрылыс нысандары Шымкент қаласының сәулеттік келбетін бұзады және қаланың инженерлік коммуникация жүйелеріне шамадан тыс жүктеме артады.
Жобалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізілген автокөлік жуу орындары пайдалану кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Сонымен қатар қазіргі уақытта 5 автожуу иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды.
Құрылыс салушыларды рұқсат құжаттарын алудан бастап, жұмыс жобасын дайындау, пайдалануға қабылдау актісіне дейінгі құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды орындауға шақырамыз.
Көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда Заң талаптарына сәйкес, құрылыс салушыларға әкімшілік шаралар қолданылып, сот органдарына мәжбүрлеп бұзуға талап-арыздар жолданатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*