«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы облыста белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі.
Шартты ақшалай көмек отбасының еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.
2022 жылы Түркістан облысында 42,8 мың отбасы 18,8 млрд.теңгеге (РБ – 15,0 млрд.теңге, ЖБ — 3,8 млрд.теңге) атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету, еңбекке қабілетті алушылардың 75,8% жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылатыны жоспарланған.
Кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен 48,3 мың бала 2,7 млрд.теңгеге қамтылатыны көзделген. Нәтижесімен, күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтын үлесі 10,7% аспауы жоспарланды.
2023 жылдың 1 қаңтарына облыста 34,9 мың аз қамтылған отбасыға 13,4 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 1-6 жасқа дейінгі 60,9 мың балаға 2,6 млрд.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалды. Республикалық бюджеттің үнемделген 6,0 млрд.теңгесі кері қайтарылды.
2021 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 39,1 мың адамға немесе 16,5% төмендеді (2021 ж.- 237,5 мың адам).
Еңбекке жарамды 56 183 атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 44 633 адам немесе 79,4% жұмыспен қамтылды (жоспар 75,8% артығымен орындалды). 2021 жылмен салыстырғанда АӘК алушылардың жұмыспен қамтылған үлесі 0,8% артты (2021 ж. — 77%).
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 2022 жылдың 3 тоқсандағы статистикалық мәліметіне сәйкес, күнкөріс деңгейінен төмен тұратын халықтын үлесі 9,1% құрады немесе бекітілген жоспардан (жоспар 10,7%) 1,6% төмен.
2023 жылы да жұмыстар жалғасын табуда. Облыста 228,4 мың адамды (40 642 отбасы) 14,9 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жоспарланып, көмек алушылардың еңбекке қабілетті 76,8% жұмыспен қамту шараларына тартылатыны көзделді.
Атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың 1-6 жасқа дейінгі 48 187 балаға 1,5 АӘК мөлшердегі кепілдендірілген әлеуметтік топтаманың орнына ай сайынғы 2,2 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем ретінде жүргізілетіні жоспарланды.
2023 жылдың 27 наурызындағы жағдаймен 21,5 мың отбасындағы 125,4 мың адамға 4,0 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 39,2 мың балаға 594,3 млн.теңгеге қаржылай төлем тағайындалды.
Жұмысқа қабілетті 34 060 атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 21 772 адам немесе 64,0% жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысты. Бүгінгі таңда кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 6% құрайды.