2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында МӘМС үшін Түркістан облысы бойынша 23 млрд теңгеден астам жарна аударымдары түскен. Бұл жөнінде медициналық сақтандыру қорының директоры Асхат Бейсенбаев хабарлады.
Қор филиалы директорының айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2022 жылдың 31 желтоқсаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 51 млрдтан астам теңгеге жетті.
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында МӘМС үшін Түркістан облысы бойынша 23 млрд теңгеден астам жарна аударымдары түскен.
Атап өтерлігі, 12 млрд 962 мың теңге – жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1 млрд. 074 мың теңге, 76 мың теңге бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі.
-Жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейіне байланысты өзгереді. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап МӘМС жүйесіне қатысушылардың төлейтін төлем түрлеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлейтін жарналар мен аударымдар көлемі МӘМС туралы заңда бекітілген және ағымдағы жылы өзгеріссіз қалды. Ал, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш базалық әлеуметтік төлемдерінің мөлшері өсуіне байланысты дербес төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна көлемі артты – деді, А.Асанұлы.
Атап өтерлігі, жұмыс берушілер қызметкерлері үшін – жалақының 3% мөлшерінде төлейді. Алайда салық салынатын табыс 10 АЕК (700 000 теңге) аспауы керек, яғни жұмыс берушінің ақша аударымының ең жоғары сомасы 21 000 теңгені құрайды.
Жұмысшы және келісімшартпен табыс табатын жеке тұлғалар — табысының 2% төлейді. Бұл жерде салық салу объектісі 10 ЕТЖ аспайды, ақша аударымының ең жоғары сомасы 14 000 теңгені құрайды.
Жеке кәсіпкерлер — ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге төлейді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар (БЖТ төлеушілер):
— Республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін БЖТ көлемі 1 АЕК құрайды, яғни 3 450 теңге.
— Қалған елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ көлемі 0,5 АЕК құрайды, яғни 1 725 теңге.
Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай төлем енгізілді. Осы әдіс бойынша барлық міндетті төлемдердің мөлшері жұмыс берушілер үшін 15%, ал қызметкерлер үшін бірыңғай төлем мөлшерлемесінің 10% құрайды. Бұл ретте төлем есептелетін ең жоғары айлық табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 10 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.
Сонымен қатар, мемлекет 15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін төлем жасауды жалғастырады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдік санатындағы әр адамға жарна мөлшері 4 505,6 теңгені құрайды.
Сақтандырылмаған азаматтар МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін ыңғайлы әрі тиімді тәсіл – дербес төлеуші ретінде алдағы 12 айға жарна төлеуге болады. Мысалы, 2023 жылдың қаңтарынан бастап сақтандыру мәртебесін алу үшін 2023 жылдың қаңтарынан желтоқсанға дейінгі әр айға жеке-жеке 3 500 теңгеден төлем жасау керек.
Бірақ 12 айға бірден төлем жасауға болмайды, өйткені жүйе әр ай үшін төлемді бөлек оқиды, сондықтан әр айға бөлек-бөлек төлеу керек.
Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдікті санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Атап өтерлігі, балалар, зейнетақы жарналарын алушылар,»Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, мүгедектер,орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар.
Жарналарды төлеу кезінде қателіктер жіберілмегеніне көз жеткізу керек. Әйтпесе, төлем жүйеге түспейді және сізге мәртебе берілмейді. Енгізілген ЖСН, төлем кезеңінің және төлем енгізілетін жылдың дұрыстығын қайта тексеріңіз.
Егер бір айда қате жіберілсе немесе екі рет төленсе, қате төленген төлемді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазу арқылы қайтаруға болады.
МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банк, банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады.
Егер пациентте сұрақтар туындаса, өзі тіркелген емханаңыздағы пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуіне болады. Не болмаса Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegramдағы SaqtandyryBot арқылы хабарласуына болады.
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкіметінің сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінен медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ке аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.