Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДЕЗИНФЕКЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

ДЕЗИНФЕКЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Дезинфекция – адам мен жануарларда ауру қоздыратын микроорганизмдерді сыртқы ортада   жоюға бағытталған  шаралар жүйесі.  Профилактикалық  және ошақтық  дезинфекция   түрлерін  ажыратады.

Профилактикалық дезинфекция әртүрлі инфекциялар туындамай тұрып, оның  алдын-алу мақсатында  жүргiзiлсе,  жұқпалы ауру  тіркелген кезде  науқастың  үйінде,  оқу немесе жұмыс орындарында жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстары ошақтық дезинфекция деп аталады.   Яғни  бұл жерде жұқпаның әрі қарай таралуына жол бермеу мақсаты көзделеді.

Ауру үйде қалған жағдайда  күнделiктi ағымдық дезинфекцияны  жергілікті медициналық қызметтің ұйымдастыруымен науқастың  өзі және  отбасы мүшелері жүргізуі тиіс.  Науқас ауруханаға жатқызылғаннан кейін  ошақта  қорытынды дезинфекцияны   өтінім – тапсырыс  бойынша   арнайы  дезинфекциялау орталығының  мамандары    жүргізеді  және  ол тегін.   Одан бөлек,  қорытынды  және ағымдық дезинфекцияны  медицина ұйымдары, балалар және жасөспірімдер мекемелері, оқу орындары да жүргізуі міндетті. Дезинфекция  іс-шараларымеханикалық, физикалық, химиялық және аралас  әдiстермен   жүзеге асырылады. Мәселен  сілкіп-қағу, жуу,  желдету, булау, ыстық температура әрекеті, химялық препараттарды қолдану және т.б.

Мысалы: ірі қара малдарды бүрку, қой-ешкілерді  купкеге шомылдыру, қора-қопсыларды, ауыл айналаларын дәрілеу және т.б.    жұмыстар   ауыл тұрғындары, мал иелерінің қатысуымен жүргізіледі.

Расында,   қазіргі уақытта,  жалпы республика  көлемі сияқты, облысымызда да  дезинфекция жасайтын жеке  кәсіпкерлердің саны   жыл сайын арта түсуде. Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау министрінің 2022 жылғы 03 қарашадағы № ҚР ДСМ-126 бұйрығына сәйкес  «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы No ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына өзгерістер енгізілген, атап айтқанда «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекция, дезинсекция, дератизация бойынша  қызметі  лицензиялауға жатады. Бұл  өзгерістер  2024  жылы  1 шілдеден  бастап  қолданысқа  енгізілді.

Осыған байланысты Сіздерге айтарымыз:  үйлеріңізде, жұмыс орындарыңызда    шыбын-шіркей, жәндіктер мен егеуқұйрықтарға қарсы жұмыстарды жүргізу үшін  жұмыс тәжірибесі мол,  мамандары арнайы дайындықтан  өткен, репутациясы жақсы    дезинфекциялық  мекемені  тартыңыздар. Ол бойынша Сіздер   келісім-шарт түзуге немесе бір реттік тапсырыс беруге  құқылысыз.  Дезинфекциялық қызметпен айналысатын әрбір  мемлекеттік мекеме, немесе ЖШС, ЖК көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Олар пайдаланатын химиялық препараттар дұрыс пайдаланбаған жағдайда адам мен жануарлардың, құстардың өміріне де  қауіп төндіретінін есте сақтау қажет!

Н.Нышанов, Түркістан облысының СЭБД басшысы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*