Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

ОРГАНИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

Адамның денсаулығы оның тұтынатын тағамдарына тікелей байланысты болғандықтан, өнімдердің неғұрлым табиғи, санитариялық-эпидемиологиялық қағидаларға сәйкес, органикалық таза болғаны абзал. Сауда нарығында экологиялық таза, органикалық жолмен алынған өнімдердің бағасы едәуір жоғары болып келеді. Себебі,органикалық өндірісте химиялық қоспаларды пайдалануға жол берілмейді.

Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында «Органикалық өнім өндіру туралы» заңы бекітілген. Органикалық өнімді өндірушілер осы заңның мынадай талаптарын ескеруі  тиіс:

1) сау жануарлар және сау өсімдіктерден алынған қауіпсіз өнім мен шикізатты пайдалану;

2) синтетикалық заттарды, пестицидтерді, гормондарды, антибиотиктерді және тамақ қоспаларын қолдануды болғызбау;

3) генетикалық түрлендірілген объектілерді (ГТО) қолдануды болғызбау;

4) иондаушы сәулені қолдануды болғызбау;

5) топырақ құнарлылығын сақтау т.б.

Органикалық өнімді таңбалау кезінде «био», «эко», «органик» деген белгілемелерді пайдалануға рұқсат беріледі. Ал, органикалық өнімнің талаптарға сәйкестігін сәйкестік сертификатымен растайды және ол  ерікті сипатта болады. Органикалық өнім өндіру мен органикалық өнімнің сәйкестігін растау осы Заңға, органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларына, сондай-ақ қолданыстағы стандарттарға сәйкестігіне жүзеге асырылады.

Органикалық өнім өндіру мен оның айналымының қағидалары «Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» ҚР АШМ 2016 жылғы 23 мамырдағы №230 бұйрығында айқындалған. Бұйрық «Органикалық өнім өндіру туралы» заңға сәйкес бекітілген және онда органикалық өсімдік шаруашылығының, органикалық мал шаруашылығының, құс шаруашылығының, балықтар мен басқа су жануарларын органикалық өсіру, бал ара шаруашылығындағы органикалық өндіріс, органикалық өнім айналымы мен органикалық өнімді буып түю, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату, жою қағидалары регламенттелген.

Органикалық өнімді өндіруші осы жоғарыда аталған заңнама талаптары мен қағидаларын сақтауға міндетті.

 

Н.Нышанов,  Түркістан облысының СЭБД басшысы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*