Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ

Жемқорлық мемлекетті ішінен ірітіп-шірітеді, елдің қол жеткізген жетістіктерін жоққа шығарады. Қазақстанның мем­ле­кеттік саясатының басты ба­сымдықтарының бірі осы бір қасіретпен, әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында күрес болуы кездейсоқтық емес. Өйткені, би­лік органдарының жемқор­лық­қа шалдығуы мемлекеттің эконо­ми­калық және әлеуметтік үдеріс­терді реттеуші ретіндегі рөлінің әлсіреуіне, қоғамда қыл­мыс деңгейінің жоғарылауына әкеліп соғады. Нәтижесінде құ­қықтар мен еркіндікті қорғау­дағы мемлекет қабілетіне аза­маттардың сенімі жоғалады. Жемқорлық, әлеуметтік-құқық­тық құбылыс ретінде қоғамның рухани және құқықтық мәде­ниетімен тығыз байланысты. Ше­шімдер қабыл­дау барысын­дағы мемлекеттік ор­гандардағы лауазымды тұлға­лардың әділдігі мен тәуелсіздігі – жемқор­лық­тың алдын алу мен оны бол­дырмаудың маңызды шаралары­ның бірі.

Іргесі қаланғаннан бері біз­дің республикамыз жемқорлық­қа қарсы әрекет етудің қисынды құқықтық жүйесін бірізді жасап келеді.

Жемқорлықты жеңу Қазақстан үшін нақты белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында жемқорлықты жоюды – әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елдерінің қатарына кіруі бойынша басты басымдықтарының бірі екенін айқындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың іргелі негіздері «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі Стратегиясында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қазақстан Респбуликасының 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттің органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұру үшін мынадай негізгі қағидаттар арқылы қол жеткізе аламыз.

Біріншіден, жүйелілік қағидаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлық көріністерінің жекелеген фактілерін ғана анықтаумен шектелмеуге тиіс. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты одан әрі жою мақсатында оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларға тұрақты мониторинг пен талдау жүргізу қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен мінез-құлықты тұрақты негізде арттырып, қоғамдық бақылауды күшейту қажет.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес баршаның заң мен сот алдында теңдігі қағидаты. Заңды мүлтіксіз орындау биліктің барлық деңгейлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың шарты болып табылады.

Үшіншіден, сот жүйесінің анықтығы, ашықтығы қағидаты. Азаматтар мен ұйымдар ақпаратты заңмен тыйым салынбаған тәсілмен еркін алуға құқылы, ал соттар мұндай ақпараттарды заңға сәйкес ұсынуға міндетті. Соттардың жұмысы қоғамға түсінікті әрі қолжетімді болуға тиіс.

Сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық – сот жүйесінің алға жылжуын тежейді, бүкіл жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп әкелетін, сотқа деген сенімсіздікті тудыратын қатерлі құбылыс.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым бағыттарының бірі де сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінде дербес құрылымдық бөлімше «Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі» құрылды. Осындай құрылымдық бөлімше әр облыс бойынша Соттар әкімшілігінде бар. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау аталмыш бөлімге жүктелді.

Сондай-ақ, судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, «Сенім телефоны», «Call-центр» бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде жауап беріп, тиісті әрекеттерді орындауға арналған. Судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқықбұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша дерек көзі болып табылады.

Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегия қажет болды. Осыған байланысты 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.

Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізу» туралы заңға қол қоюында да үлкен мән бар. Бүгінгі таңда айтылған тапсырмаларды орындауда ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Заңдағы түзетулерде жетекшінің жеке басына қатысты жауапкершілігі, оның ішінде қол астындағы қызметкері жемқорлық жасаған жағдайда минстрлер мен әкімдерге қатысты ережелер қамтылған.

«Егер біз жемқорлықты жойғымыз келсе, менің түсінігімде, өз қызметкерлері жемқорлық жасаса, мемлекеттік органдардың басшылары өз еркімен отставкаға кетуі қажет. Отставканы қабылдау не қабылдамау – Мемлекет басшысының құзыреті, бірақ отставкаға өтініш беру міндетті шара», – деді Президент.

Олай болса мемлекет игілігі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша шараларды қолдану туралы тапсырмаларды орындау әр азамат және кез келген мемлекеттік органға жүктелген міндет.

 

Э.БАКИРОВА,

Шымкент қаласы,

Абай аудандық сотының судьясы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*