Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты зерделі мақаласында елімізде қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыру қолға алынғанын, басты бағытымыз дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап көрсетті, яғни бағытымыз айдан анық. Сол мақсатқа жету жолында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Тәуелсіздіктің арқасында еліміздің жеткен жетістіктерінің игілігін қазіргі уақытта әрбір қазақстандық сезініп отырғаны мәлім. Сол жетістіктеріміздің бірі – Негізгі заңымызда бекітілгендей еліміз құқықтық мемлекет болып табылады, яғни қоғамдық қатынастар заңмен реттелуге тиіс.

ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасының» 2-бөлігінде еліміздің конституциялық құрылымның негізі, мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығы конституциялық заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру арқылы нығаятыны айқын көрсетілген. Ал Қазақстанның Ұлттық заңнамасын дамыту, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін нығайтудың басты шарттарының бірі –  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңадан қабылданған қылмыстық, қылмыстық процестік, қылмыстық атқару, әкімшілік құқықбұзушылық туралы, азаматтық процестік кодекстері, бұлар – заман талабына сай келетін құқықтық актілер.

Сот жүйесіне қатысты заңнамалар да жаңарды. «Жоғарғы Сот Кеңесі» туралы жаңа заң да судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге қызмет етуде, Жоғарғы Сот Кеңесі дербес орган ретінде қызмет атқаруда. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына да өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, судьялар мен судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді, сот жүйесі түбегейлі реформаланды.

Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жемқорлық – жай құқықбұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететіні және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылатыны, біздің түпкі мақсатымыз – жемқорлықты құбылыс ретінде жою үшін жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті қатты күшейтуіміз керек екендігін атап көрсетілгені белгілі.

Әл-Фараби аудандық сотында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде атқарылуда. Судьялар мен кеңсе мамандарының іске қатысушылармен іс жүргізуден тыс қарым-қатынастар жасауының алдын алу мақсатында апта сайын сот қызметкерлерінің әрқайсысына қол қойдыру арқылы түсіндіру және еске салу жұмыстары жазбаша түрде жүргізіледі, сот ғимаратында болудың рұқсатнама режимінің сақталуы қатаң бақылауға алынған. Сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілікке тәрбиелеу мақсатында  аудандық сотта үнемі оқу-үйрену семинарлары, дөңгелек үстелдер өткізу дәстүрге айналды.

Ұлттық заңнаманы жетілдіру арқылы ел болашағының жарқын болуы қамтамасыз етілуде.

 

Лаззат ЖАПАНОВА,

Әл-Фараби аудандық соты кеңсесінің

Бас маман сот мәжілісінің хатшысы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*