Ана сүті – өмірге жаңа келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Оны ешбір сүт қоспасы алмастыра алмайды. Мамандардың айтуынша, сүт қоспаларында кездеспейтін 400 түрлі қоректік зат ана сүтінде ғана кездеседі. Мысалы, сиыр сүтіне қарағанда емшек сүтінде балаға ең керекті А, Е, Д витаминдері көп. Ана сүтінің құрамына мыналар кіреді: белок, май, түрлі витаминдер, гормондар, темір, көмірсутектер, климатқа қарамастан үнемі жеткілікті су, минералды тұздар, кальций, фосфат, өмірге керекті микроэлементтер (селен, мыс, мырыш, молибден, магний, марганец), сүттің негізгі ингредиенттерін ыдырататын липаза, лактаза секілді т.б. арнайы ферменттер, патогенді бактерияларды жоятын, ішектің қалыпты микрофлорын дамытатын әрі өсіретін бифидус заттары, ауру тудыратын микрофлораларды көбейтпейтін әрі керекті темірді сүттен бала қанына тасымалдайтын лактоферрин белогы, ми ұлпалары мен көз жасушаларының түзілуінде аса керекті таурин заттары; өсу үстіндегі ағзаның ұлпалары мен жасушаларындағы май метаболизмін жандандыратын карнитин заттары, бактерияларды өлтіретін қандағы тірі жасушалар (нейтрофил, моноцит, лимфоциттер), көп тараған жұқпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер және т.б.
Ана сүтінің ерекшелігі
Ана сүтінің ең ерекшелігі,ешқашан бірдей екі ана сүтін кездестіру мүмкін емес. Өйткені, олардың құрамы, майлылығы баласының қажеттілігіне қарай әр әйелде өзгеріп отырады. Ана сүті мынадай тиімділігімен ерекшеленеді: ол қашанда қасыңызда, ылғи да тұтынуға дайын, арнайы әзірлеуді қажет етпейді; бірнеше күн анасы емізбесе де көкіректе не ашып, не бұзылып кетпейді; оны еш жерден сатып алмайсыз; ол тек сіздің балаңызға ғана арналған; ішек жұқпалы ауруларының алдын алады; респираторлы-жұқпалы аурулардың алдын алады; аллергиялық аурулардың алдын алады; баланың физикалық өсуін дамытады; баланың сана-сезімін жетілдіреді; баланың жүйке-психикасын дамытады; баланың диабет және семіздік ауруына шалдығу қаупін төмендетеді.
Ана сүті – асқан шеберлікпен жаратқан Алла Тағаланың ғажап несібесі. Күллі витамин атаулыны соның құрамына топтастырып, жаңа туған сәбиге анасының махаббатымен қоса ұсынуы – Жаратушының үлкен мейірімі. Зерттеуші С. Юфит «Анасының сүті – баланың қорегі ғана емес, ол оның өмірі» дейді. Ендеше, балаңызды Жаратушы сыйлаған несібесінен қақпаңыз!
Ана сүтінің құрамында – сулар, ақуыздар, дәрумендер, майлар, көмірсулар және минералды заттардан құралады. Көмірсулар сүт бөлігінің жеті пайызын құрайды. Бұл -лактоза, фруктоза, глактоза және олиго қант жүйелерінен тұрады. Баланың дамуына лактозаның маңызы зор. Кальций мен темірдің сіңірілуі, жүйке жүйесіне қажетті заттар түзеді. Ішектегі микрофлораның дамуына үлесін қосады. Ана сүтінде көмірсулармен қатар лактаза ферменті бар. Лактаза ферменті майға бай. Ұзақ уақыт еметін, түнде еметін сәбилер бұл ферментті көбірек алады.
Май ана сүтіндегі майдың мөлшері төрт пайызды құрайды. Бұл сәбидің күнделікке қажетті энергиясына жеткілікті мөлшерін құрайды. Майлар ана сүтінде микроскопиялық түйіршіктер ретінде болады. Олар оңай қорытылады. Баланынң миының дамуына ықпал етеді. Сүттің құрамының негізгі компонентері майлар болып табылады. Олар баланы емізіп отырған кезде өзгеріп отырады. Емізудің соңына қарай қоюланады, мөлшері көбейеді. Бала өздігінен емуін доғарады. Осы уақытқа дейін емізудің маңызы зор, өйткені сүттің құнары артады.
Су – сүттің құрамының сексен жеті пайызын құрайды. Алғашқы емізу кезінде балаға тез сіңімді, сондықтан алты айға дейін балаға қосымша су беруді қажет етпейді. Ақуыздар ең аз бөлігін құрайды, шамамен бір пайыз ғана. Баланың жүйке жүйесінің өсіп, дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа туылған сәби мен бір жасар сәбидің ақуыздың қажеттілігі әртүрлі. Ана сүті бала өскен сайын ақуыздардың мөлшері бұдан да азайып отырады. Өйткені бір жасар балаға ақуыздың көп мөлшерін қажет етпейді. Дәрумендер мен минералды заттар ең аз мөлшерін құрағанымен, баланың ағзасына пайдасы өте зор. Ана сүтінің бір пайызын дәрумендер мен минералды заттардан құралады. Бұл дәрумендер баланың зат алмасу процесін реттейді. Ана сүтінде балаға қажетті барлық дәрумендер мен минералды заттар болады. Кальций, фосфор, фосфаттар және 15 түрлі гормандар бар.
Ана сүтін ешқандай лабораториялық жолмен жасау мүмкін емес. Тек ана сүті ғана, балаға сүтті қолайлы температурада, стерильді түрде жеткізеді. Бұл сүттің жақсы қорытылуына, сіңімді болуына септігін тигізеді. Ана сүтінің балаға маңызы. Ана сүті балаға арналған ең жақсы тағам. Ол баланы ауру сырқаттардан сақтап қана коймайды. Баланың иммундік жүйесін арттырады. Ана сүтімен өскен бала анемия, рахит, өкпенің қабынуы, дисбактериоз сияқты аурулармен ауырмайды. Әртүрлі инфекциялық ауруларға сирек шалдығады. Мерзімінен ерте туған сәби тез ет алып, салмақ қосады. Сүттің құрамы баланың өсуіне, қажеттілігіне қарай үнемі өзгеріп отырады!!!