Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Өткір ішек жұқпаларының алдын алу

Өткір ішек жұқпаларының алдын алу

Өткір ішек жұқпалы аурулары көп таралған аурулардың бірі. Бұл ауруға маусымдылық тән, яғни аурушаңдық көктем-жаз айларында бас көтереді. Себебі бұл уақытта табиғаттың ауа-райы өзгеріп, күннің ысуынан тағамдардың тез бұзылуы әсер етсе, осы уақытта көкөністердің пісіп, адамдардың бұзылған көкөністерді қолдануы аурудың жоғарылауына әсерін тигізеді.Ауру көзі – ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы.
Аурудың берілу жолдары: тағам, су және қарым-қатынас жолы. Аурудың тағам арқылы жұғу жолы жиі кездессе, су арқылы жұғу жолы сирек кездеседі. Ал қарым-қатынас жолында аурулармен қарым-қатынас болған жағдайда жеке бас гигиенасын сақтамағаннан және науқас адамның ыдыс-аяқтары арқылы жұғуы мүмкін.
Ауру көп жағдайда жедел басталып, дене қызуы жоғарылап, күніне аурудың ағымына байланысты бірнеше рет құсу, іш өту, мазасыздану, бас ауру, іш аймағы бүріп ауырады. Іш өту салдарынан адам организмі (әсіресе балаларда) сусызданып, адам организміне маңызы көптеген микроэлементтерді жоғалтады. Сондықтан бұл жағдайда дәрігерге көріну керек. Ішек инфекцияларының инкубациялық кезеңі аурудың нақты қоздырғышының түріне байланысты 2 — 4 сағаттан бастап, 24-48 сағатқа дейін созылуы мүмкін.Сондықтан аурудың алдын алу үшін аурудың берілу жолын, клиникасын, аурудан сақтану жолдарын білу өте маңызды.
Аурудың берілу жолдары:
-тағам арқылы
-су арқылы
-тұрмыстық қарым-қатынас арқылы.
Өткір ішек жұқпаларының алдын –алуының қарапайым ережелері:
-Тағамды қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу; үйде дайындалған тағамдардың сақталуына аса көңіл бөлу; жеке қолдан сатып алынған сүт тағамдарды әбден қайнатып ішу; балаларға мүмкіндігінше суды қайнатып беру; көшеден әр түрлі тағамдарды сатып алып жегенде тағамның түр-түсіне қарап,бүлінген жағдайда пайдаланбау;
-Балалардың жеміс-жидек, көкөністерді жегенде әбден суға жуып жеуін қадағалау; жеке бас гигиенасын сақтау, тағы да аналардың есіне салатын жәйт- балаларды емізер алдында немесе балаларға тамақ берер алдында жеке бас гигиенасын сақтау;
-Ас дайындау, ыдыс жуу, ауыз су үшін ашық айдындардың, арықтардың суын пайдаланбаңыз!
-Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмаңыз!
-Жылдам бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтаңыз!
-Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолдарыңызды сабындап жуыңыз!
Осы шаралар орындалған жағдайда ғана аурудың алдын алуға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*