Шардара аудандық орталық ауруханасының Балалар кеңесінің меңгерушісі Төлесбаева Г.С қатысуымен «Аналарға бала емізу кезеңінде жақындарының қолдауы неге қажет?» тақырыбында сұхбат жүргізілді.
Баланы емізу оңай ма?
Мен былай деп айтар едім: кейде аналарға емшек емізу — оңай және табиғи іс-әрекет деп жатады. Көбінесе ана үшін бірінші баланы емізу жеңіл болуы мүмкін, ал екінші баласымен қиындықтар туындайды. Сондықтан бәрі де нақты жағдайға байланысты
Егер менің емшегімнің ұшы ауырса, емізуді доғаруым керек пе?
Егер сіздің емшегіңіздің ұшы ауырса, емізуді доғарудың қажеті жоқ. Сіз баланы емізуді жалғастыра беруіңіз тиіс, бірақ ауырудың себебін анықтау үшін көмекке жүгініңіз.
Менің сәбиім қанша рет тамақтануы қажет?
Тәулігіне шамамен 8-12 рет аштық белгілері білінуі тиіс. Жаңа туған нәрестелерге көп тамақтану қажет, өйткені олар тез өседі. Өмірінің алғашқы алты айында – немесе одан да ерте – баланың туған кездегі салмағы екі есеге артады. Ал енді өз салмағыңызды екі есе қосу үшін қанша тамақ жеу керектігін елестетіп көріңіз
Емізер алдында емшек ұшын жуу қажет пе?
Емізер алдында емшек ұшын жуу қажет емес, өйткені сүт бездерінде және емшектің ұшында пайдалы бактериялар түзіледі. Дәл осы бактериялар ананың сүт бездерінде инфекцияның пайда болуын тоқтатады.
Емізуді қашан бастау қажет?
Ана мен бала үшін босанғаннан кейінгі бірінші сағат аса маңызды уақыт болып табылады. Емізу — өте ұйымдастырылған, неврологиялық іс-әрекет. Осы себепті туа салысымен анамен байланыс орнату нәрестені тыныштандырып, емшек іздей бастауға көмектеседі. Егер біз аналар мен нәрестелерді осындай байланыста жай ғана қалдырсақ,олар әдетте емізуге алғашқы қадамды өздері бастайды. Бұл шамамен жарты сағаттан бір сағатқа дейін уақытты алады.
Емізу кезінде мен не жеуім керек?
Аналардың көбісі емізу кезеңінде қалағанының барлығын жей алады. Олар өздерінің әдеттегі рационын ұстай алады. Осы жердегі қызықты жәйт: аналар жеген кез-келген азық-түлік сүттің дәміне әсер етеді, бұл нәрестелердің шамамен алты айға толғанда қосымша азықты қосудағы дайындықтың басы болып табылады.
Емшектен табиғи түрде бас тарту шамамен бір жастан басталады, өйткені балалар дамыған сайын өзгере бастайды. Оның себебі: олардың анаға көңіл аударуы төмендейді, және олар қоршаған әлемді зерттеуге көбірек уақыт бөле бастайды.
Жұмысқа шыққан жағдайда мен баламды емшектен айыруым қажет пе?
Біз жұмысқа қайта шыққан аналардың өз балаларын емшектен айырмаса екен деп үміттенгіміз келеді. Аналарға емізуді жалғасыру үшін уақыт пен қолдау қажет. Аналарға өз жанұясының, сонымен қатар әріптестерінің, жұмыс берушілердің және оларға тиесілі жергілікті қоғамдастықтың қолдауы қажет.
Емізу тек тамақтану жайлы ғана емес. Ол балалардың өмір бойы өсіп-өніп, өркендеуіне көмектесетін қамқорлықпен күтіп-бағудың бір бөлігі болып табылады.