ПРОАКТИВТІ СЫРТТАЙ КУӘЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 30маусым 2021жыл №384, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 25маусым 2021жыл №304, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 14 маусым №204 мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен 29маусым 2021жылы №227/НҚ «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ қабылданған болатын.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес бұйрықта мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы іске қосылғаны сонымен қатар «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілген болатын.
Медициналық ұйымдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі:
-Пациент динамикалық бақылаудан, диагностикалық, емдеу және оңалту іс шараларының кешенінен өтеді, ол деректерді медициналық қызметкерлер пациенттің/мүгедектің денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне енгізеді.
Мүгедектердің орталықтандырылған деректер қоры ақпараттық жүйесінде медициналық-әлеуметтік сараптама актілері қалыптастырылады
№031/е және № 033/е нысандары МОБД-ның «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
Медициналық құжаттарда көрсетілген куәландырылатын адамның Аты жөні тегі, туған күні, тұрғылықты мекен жайы, жұмыс орны, медицина қызметкерлерінің және заңды өкілінің деректері иесіздендіріледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптама ҚР-ның Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.01.2015 жылы№ 44 бұйрығымен бекітілген «МӘС жүргізу қағидаларына»сәйкес жүргізіледі.
МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары түскен құжаттарды қарайды және МӘС актісі жобасының нөмірі түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптамалық шешім шығарады.
Сараптамалық шешімдер сәйкес келмеген жағдайда сараптамалық қорытынды Мүгедектігі бар адамдардың деректер банкі МОДБ чатында талқылау арқылы шығарылады. Талқылау қорытындылары бойынша консенсусқа қол жеткізілмеген кезде сараптамалық қорытындыны эксаумақтық сарапшы – МӘС бөлімінің басшысы қабылдайды.
..МОДБ-де МӘС актісін қалыптастыру күні мүгедектікті, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде оған тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге шағым жасайды.
Шағым тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге берілген кезде осы аумақтық бөлімшенің басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары өтініш берушінің деректерін МОДБ-ға енгізеді, онда сараптамалық қорытынды шығаратын эксаумақтық МӘС ӘББ автоматтандырылған режимде айқындалады. Эксаумақтық МӘС ӘББ МӘС актісінің иесіздендірілген деректері негізінде ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытындыны МӘС актісіне қосымшаға енгізеді.
Эксаумақтық МӘС ӘББ шығарылған сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі оны шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен не сотқа шағым жасай алады.
Қ.АБДРАХМАНОВ,
№1 МӘС бөлімінің бас маманы.