Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту туралы тапсырмасына сәйкес, өңірдегі мектеп асханаларының дайындығын пысықтау үшін  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары өз тараптарынан  білім бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, тиісті шараларды жүзеге асыруға кірісті.  Түркістан облысында 188 мыңға жуық бастауыш сынып оқушылары бар.  Бақылаудағы 1000-ға жуық мектептің  85-де  асханасы жоқ. Ақысыз тамақтандыруды ұйымдастыру барысында  балалардың  жаппай улануына жол бермеу,  әр түрлі инфекциялық ауруларға шалдықпау  және жалпы денсаулығына зиян келтірмеу қазіргі таңда басым бағыттардың бірі болып қалады.    Ол  үшін мектеп асханаларының жағдайы санитариялық талаптарға сәйкес болуы және бұл асханаларда дайындалатын тағамның қауіпсіз  болуы тиіс.  Жекеменшік мектептерді қоспағанда мемлекеттік білім ұяларының ғимараттарында орналасқан асханалар  жеке кәсіпкерлердің меншігінде болып табылады.

Мектеп асханаларына төмендегідей бірқатар талаптар қойылады.

1) Асхана үй-жайларына қойылатын талаптар:

-мектеп асханасының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларының болуы;

-үздіксіз орталықтандырылған салқын және ыстық сумен жабдықталуы;

-кәріз жүйелерінің болуы, жарық, жылумен, желдетумен қамтамасыз етілуі;

-ас блогында механикалық түрде іске қосылатын желдету жүйесінің болуы;

-жылу және ылғал бөлу жабдықтарының үстінде сыртқа тарту шатырлары орнатылуы;

-технологиялық процесс ағындылығын сақтау үшін қажетті үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың, тоңазытқыштардың  жеткілікті болуы;

-асхана қоймасының болуы.

2) Асхана тазалығына қойылатын талаптар:

күнделікті ылғалды  тазалау және дезинфекциялаудың  жүргізілуі;

-жәндік, кенелер мен кеміргіштердің болуына жол бермеу үшін дератизация және дезинсекциялық іс-шаралар атқарылуы;

-асхана қызметкерлерінің медициналық байқаудан өткендігі туралы жеке медициналық кітапшаларының болуы;

-дене қызуы көтерілген, жарақаттары бар жұқпалы аурулармен қарым-қатынаста болған қызметкерлерді жұмыс орнынан шеттету;

қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раковиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар-жабдықтардың жеткілікті болуы;

 3) Сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды ұйымдастыру:

– асхана қоймасына тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаттарын сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарымен ғана қабылдау;

-мекеме басшысы тарапынан бекітілген перспективалық ас мәзіріне сәйкес күнделікті асханада тамақтың дайындалуы;

-медициналық қызметкер немесе жауапты маман тарапынан дайындалған тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізу;

-бракеражды  комиссиясының қызметін белсендендіру: комиссия құрамына медицина, әкімшілік қызметкері, өндіріс меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілі енгізіледі және мектеп  басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Қосымша ақпарат:  -білім беру объектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін тағамдар дайындауға  және өткізуге жол бермеу: қатық, сүзбе, айранды,туралған ет қосылған құймақтарды, флотша макаронды, зельцтер, форшмактар, сілікпелер, паштеттерді, кремі бар кондитерлік өнімдерді, тұтыну қаптамасындағы кондитерлік өнімдер мен тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье), морстар, квастарды,  фритюрде қуырылған өнімдерді,   шала пісірілген жұмыртқа, қуырылған жұмыртқаны,  күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды; қаймақ пен майонез қосылған салаттард, окрошканы,  саңырауқұлақтарды, өнеркәсіпте дайындалмаған (үйде дайындалған) тамақ өнімдерін, тез дайындалатын құрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды, газдалған, емдік және емдік-асханалық минералдық суды, тәтті алкогольсіз сусындарды, алкогольсіз энергетикалық (сергітетін) сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды, фаст-фудтар (гамбургерлер, ход-догтар, чипсілер, кептірілген нан, қытырлақ нанды), ащы тұздықтар, кетчуптар, ащы дәмдеуіштерді (бұрыш, ақшелкек, қыша);

-білім беру объектілерінің асханаларында рұқсат етілмейтін азық-түліктерді пайдалануға жол бермеу: пастерленбеген сүтті, термиялық өңделмеген сүзбені және қаймақты, суда жүзетін құстың жұмыртқасы мен етін, ауыл шаруашылығы малының сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз шаруашылықтардың сүтін және сүт өнімдерін, тіл, жүректі қоспағанда өнімді мал мен құстың субөнімдерін, механикалық түрде сылынып алынған өнімді малдың етін және құс етін,  құс етінен алынған құрамында коллаген бар шикізатты,  сойылған өнімді мал мен құстың қайта мұздатылған өнімдерін, генетикалық түрлендірілген шикізаттар және (немесе) құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар шиізаттарды, йодталмаған тұзды және құрамында темір бар витаминдермен, минералдармен байытылмаған (фортификацияланбаған) жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны;

-күн сайын аспаз нақты ас мәзіріне сәйкес, дайын өнімнің күнделікті үлгілерін ас блогында қалдыру;

4) өндірістік бақылау ұйымдастырылады және жүргізуге қойылатын талаптар:

-қолданыстағы  нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, мектеп әкімшілігі жылына 2 рет СЭББ-на асханалардың өндірістік бақылауы жөнінде ақпарат жолдау;

-жергілікті  СЭББ-на ақпарат жолдамаған жағдайда бармай бақылауға алынып, тексеру тізіміне енгізілетіні  ескеру қажет.

Н.Нышанов,

Түркістан облысының СЭБД басшысы

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*