Пациенттер қажетті медициналық қызметтердің көбін емханалардан алады. Соңғы кезде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша тұрғындардан көптеген сұрақтар түсіп жатыр. Осы ретте, мәселелерді медициналық ұйымда шешу жолдарына қатысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры А. Бейсенбаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.
– Пациентті қолдау қызметінің жұмысы жайлы білгіміз келеді?
– «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, олардың толықтығын, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Ал, ішкі сараптамамедициналық ұйымдағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жүргізеді.Бұл қызмет пациенттердің шағымын қарастырып, қажет болған жағдайда пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
-Бұл қызметтің міндетіне не кіреді?
-Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі – медициналық ұйымның көмек сапасын басқарудағы жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар, кадрлардың, жабдықтарды пайдаланудағы тиімділікті бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды және медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді тексереді, ақаулардың алдын алу,оны жою бойынша жұмыстар жасайды, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
-Жалпы, пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметіне қандай жағдайда жүгінуге болады?
-Қызмет медициналық ұйымның өзінде орналасқандығына және оның басшылығына бағынышты болуына қарамастан қызмет сапасын жақсартудыкөздейді. Яғни, пациенттің медициналық қызметтерді тиісті деңгейде және толық көлемде алуға көмектесуге, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылауға, бұзушылық фактілерін анықтауға және олар бойынша жұмыс жүргізуге мүдделі.
Атап өтерлігі,
пациенттен шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етеді;
пациентті учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартады;
учаскелік дәрігер, медбике немесе фельдшер үйге шақырту қызметін көрсетпеген жағдайда;
пациентбейінді маманнан кеңес ала алмай жүр, себебі ол дәрігер жоқ немесе жазба бір айға толық жазылған;
науқастыңденсаулық көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
дәрігер науқасты жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен хабардар етпесе;
дәрігердіңқабылдау кезінде науқасқадөрекілік көрсетіп қабылдамады;
науқасқа көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбауы;
науқасқа түсініксіз диагноз қойылып, ем-шаралар тағайындалатын болса;
науқастың медициналық жазбасында қате деректер немесе тіркелімдер анықтаған болса;
науқастың медициналық ұйымдағықызметкерлердің ем-шараларына көңілі толмаса;
-Пациентті қолдау қызметінің тиімділігі неде?
-Пациент негізінен өзіне қажетті ақпаратты ала алмағаны үшін немесе оған дұрыс көмек көрсетілмегеніне байланысты шағымданады. Сонымен қатар тұрғындардың қайда жүгінуге және қажетті көмекті қалай алуға болатынын білмейтін сұрақтарда жиі туындайды. Осы ретте, пациентті қолдау қызметінің мамандары науқасқа қажетті кеңестерін беріп, тиісті орындарға жолдайды.
Кейде қажетті дәрігердің қабылдауына жазыла алмай немесе ультрадыбыстық зерттеуден өтугеталонсыз түсуге келген адамдарда кездеседі. Тіптен,ота жасатуға дайындалып жүргендер де шағымданып жатады. Кейде пациент емдеудің алгоритмі мен тиімділігі бойынша түсініктеме алғысы келеді. Мұндай жағдайларда пациентті қолдау қызметі бірден мәселені шешеді.
Шағымдарды қарау барысында пациенттің құқықтары бұзылған болса, оны қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылданады.Жалпы, түскен өтініштер бойынша жұмыстың нәтижелері өтініш иесіне және медициналық ұйымның басшылығына да хабарланады.
Егер мәселені пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі шешпесе, онда Қорға fms.kz ресми сайты, 1406байланыс орталығы, Telegram-дағы Qoldau 24/7 жәнеSaqtandyry-Bot мобильді қосымшасы арқылы жүгінуге болады.
М.НҰРМАХАНОВА,
«Клиника Талғат» ЖШС, аға мейірбике.