Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Сүт безі қатерлі ісігінің (рак) алдын алу жолдары қандай? — Маман кеңесі

Сүт безі қатерлі ісігінің (рак) алдын алу жолдары қандай? — Маман кеңесі

Сүт безінің қатерлі ісігі — бүкіл әлем бойынша және Қазақстанда әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі ісік түрі. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығының мәліметінше, 13 пен 90 жас аралығындағы 100 000 әйелге шаққанда 99,4  жағдай кездеседі. Қазақстанда жыл сайын сүт безі қатерлі ісігінің 5 мыңға жуық жаңа жағдайы анықталады. Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім құрылымында сүт безі қатерлі ісігі 3-орында және жыл сайын шамамен 1200 әйелдің өмірін қияды.

«Ең ескеретін жайт — сүт безінің қатерлі ісіктері ешқашан ауырмайды. Сол үшін әйел ауруын білмей жүре беруі мүмкін. Мәселен сүт безінің қатерлі аурулары егер теріге жақын орналасса, 1-1,5 см-ден асатын болса ғана түйін ретінде сезілуі мүмкін. Немесе ол теріні ішке қарай тартып өсіреді, сол кезде теріде өзгеріс болуы мүмкін. Ал басқа жағдайда оны анықтау өте қиын. Оны тек дәрігер маммография, ультрадыбыстық зерттеудің арқасында  ғана анықтап біле алады. Елімізде 40-70 жас арасындағы әйелдерге тегін скрининг жасауға арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама арқылы әрбір әйел әр 2 жыл сайын сүт безінің скринингінен өтіп отырса біз кішкентай түйіндерді анықтап, ерте уақыттан емдеу арқылы әйелдерді сауықтыра аламыз», — дейді Дидар Аятхан.

Алдын алу шаралары сүт безі ауруларының қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады. Үнемі өзін-өзі тексеру, салауатты өмір салты, қалыпты физикалық белсенділік, дұрыс тамақтану, темекіден және алкогольді шамадан тыс тұтынудан аулақ болу бұл аурулардың алдын алуға көмектеседі. Және сондай-ақ ең маңызды факторлардың бірі — адамның психикалық жай-күйінің қалыпты болуы.

«Денедегі туындаған аурулар адамның психологиясымен тікелей байланысты. Мұны әдетте психосоматика деп атайды. Салдарынан сүт безінің қатерлі және қатерсіз ауруларына тап болады. Мысалы сүт безінің өзі тек сүт беруді білетін дене мүшесі.  Әйел адам тек сүт беріп, өзіне ешнәрсе ала-алмағандықтан оның бойында өкпе-реніш пайда болады. Эмоциялар жиналып, сүт безінде түзілулер болады.

Әйел адам өз бойындағы нәзіктік, жұмсақтық сынды әйелдік белгілерінен айырылып қалғанда да сүт безі сынды ауруларға бейім болады. Өйткені тағдырдың тәлкегімен әйел адамдар ер-азаматттардың жұмысын істеп кетуге мәжбүр болады. Психологиялық тұрғыдан әр әйел адам өз табиғатын, болмысын танығаны жөн. Және бала кезден түрлі психологиялық кезеңдерді өткізеді, санасына дұрыс емес қағидаттарды енгізіп алуы мүмкін. Сол үшін өзімен жұмыс істеп, физикалық-психологиялық тұрғыдан ешкімге тәуелді болмауға ұмтылуы керек. Сонда мұндай ауруларға душар болмайды.

Егер ісік ерте кезеңдерінде анықталса, онкологиялық науқастардың 95% -ында емдеу сәтті жүзеге асады.

Сүт безі ерте анықталған жағдайда, яғни 1-деңгей кезінде анықталса әйелдің өмір сүру ұзақтығы әлдеқайда ұзақ болады. Егер одан да жоғары деңгейде анықталса, сәйкесінше өмір сүру ұзақтығы да қысқара береді. Бірақ бұл жерде ісіктің табиғаты да рөл ойнайды. Кейде кіп-кішкентай ісік, 1-деңгейде болса да табиғаты өте залалды, агрессивті болса әйелдердің де өмір сүру ұзақтығын азайтады. Кей ісіктер үлкен, 2 немесе 3-деңгейлі болса да, даму табиғаты, өсу процесі агрессивті емес болып келеді. Бұл жағдайда әйелдің де өмір сүру ұзақтығы артады. Сондықтан ісіктің көлемінен бұрын оның табиғатына қарап есептеп, анықтаймыз. Дей тұрғанмен емдеу үшін тек физикалық емес, психикалық тұрғыдан да ем жүргізетін болса, әйел адам өткен реніштерін еске түсіріп, психикалық мәселелерімен жүмыс істейтін болса нәтижесі де бірден көрінеді.

Сондай-ақ сүт безі ауруларының басқа ауру түрлерімен байланысы да болады. Сондықтан білікті мамандарға қаралудың маңызы зор.

Менің 20 жылға жуық тәжірибеме сүйенетін болсам, әйелдің гинекологиялық, сүт безі ауруларын бір-біріне тікелей қатысты деп қарастыра аламыз. Өйткені, гинекологиялық аурулар сүт безінің пайда болуына да себепші болады. Сүт безі ауруларының пайда болуына түрлі факторлар бар. 1980 жылдан бері сүт безі қатерлі ісігі ең жиі кездесетін аурулардың ішінде 1-орында келе жатыр. Ресейде сүт безінің қатерсіз ісігімен гинекологтар айналысады. Бізде маммологтар айналысады. Дегенмен маммологтардың гинекологиялық білімі болмағандықтан, бұл ауруды толық аша алмайды. Бұл ауруды толық анықтап білу үшін әрбір маммолог дәрігер гинекология, терапия, эндокринология саласын жақсы меңгеруі керек. Өйткені бұл сондай көп аурулардың себебінен пайда болуы мүмкін болғандықтан кейін әрбір маммолог жан-жақты білімді болуы керек.
Сүт безі ауруларының алдын-алу үшін жан-жақты, жиі тексеріліп тұру керек. Әсіресе қалқанша безі, гинкологиялық аурулар, өт жолының аурулары сынды ауру түрлері сүт безі ауруларына себепші болады.
Сүт безі ауруларын емдеудің маңызды бөлігі науқасқа қолдау көрсету және емдеуден кейінгі оңалту кезеңінде қолайлы жағдай жасау.

«Егер әйел адам менде қатерлі ісік (рак) ауруы бар, мен енді «өліп қаламын» дейтін болса, онда өзін-өзі өлтіру программасы іске қосылып, әйелдің ерте қайтыс болуына себеп болады. Ал әйелде балаларымды, немерелерімді жеткіземін дейтін белгілі бір позитивті мақсат болатын болса, дұрыс емделетін болса, онда аурудан айығу де, ол аурудың қайттан қайталанбау ықтималдылығы өте жоғары. Ал егер өзін құрбан секілді көрсетіп,  психикалық күйі басқа адамдарға тәуелді болып, негативпен жүретін болса ол оның иммундлық жүйесіне де тікелей әсер етеді. Иммундық жүйенің төмендеуі — қатерлі ісіктің (рак) пайда болуы, ушығуы, қайталануы секілді күрделі жағдайлардың негізгі себептерінің бірі.

Қатерлі ісіктен басқа да сүт бездерінде кездесетін ауру түрлері аз емес. Сүт безі ауруларының даму қаупін азайту үшін салауатты өмір салтын ұстану, сүт бездерін үнемі тексеріп отыру және гормондық терапияны ұзақ уақыт қолданудан аулақ болу ұсынылады.

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ ТУРАЛЫ АЛТЫ ФАКТ

    Әр жыл сайын  қыркүйек айының 23-і  Дүниежүзілік сүт безі нің қатерлі ісігі туралы хабардар ету  күні болып атап өтіледі. Біз сіздер үшін ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектесетін 10 фактіні дайындадық.
   Қатерлі ісіктің бұл түрі ең көп таралған болып есептеледі. 2020 жылы 2,2 миллионнан астам аталған қатерлі ісік жағдайы тіркелді. Ресми деректертерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда сүт безі нің қатерлі ісігі жыл сайын 5 мыңға жуық әйелден анықталады. Егер бұрын осы ауру  егде жастағы әйелдерде ғана кездескен болса, қазір ол 30-40 жастағы әйелдерде де анықталып отыр.
1. Сүт безі нің қатерлі  ісігін ерте кезеңде анықтау мүмкін болған жағдайда оны емдеу тиімділігі жоғары болмақ. 40 жасқа дейінгі  әйелдерде кездесетін сүт безі нің қатерлі  ісігінің алдын алу және ерте диагностикалау үшін жыл сайын маммолог пен УДЗ тексеруінен өту керек. Сүт бездерінің маммографиясы немесе рентгенологиялық зерттеуі  40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер арасында 2 жылда 1 рет өткізіледі.
2. Негізгі қауіп факторлары: тұқым қуалаушылық, жас ерекшелігі, семіздік, алкоголь мен темекіні пайдалану, бұрынғы болған  радиацияның әсері, науқастың репродуктивті тарихы, мысалы, алғашқы жүктіліктің жасы, постменопаузадан кейінгі гормондық терапия. Егер сіз осы факторларды бақылайтын болсаңыз, аталған қатерлі ісіктің даму  қаупін 30%-ға төмендетуге мүмкіндік бар.
3. Көбінесе қатерлі ісіктің бұл түрі ауыртпалықсыз «шар» (конустар), кеудедегі түйіндер, қалыптан тыс аномальдық сұйықтықтың бөлінуі  түрінде көрінеді. Мұндай жағдайларда, егер әйел ешқандай ауырсынуды сезінбесе де, омырауда  тығыздық не түйін анықталғаннан кейін 1-2 айдан кешіктірмей маммологтың  кеңесіне жүгіну қажет.
4. Сүт бездеріндегі пайда болған түйіндер сияқты өзгерістердің  90%-ы қатерлі деп айтуға келмейді. Сүт бездерінің қатерлі емес ауруларының қатарына фибродененомалар мен кисталар, сондай-ақ инфекциялар жатады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*