Әлемде бүгінгі таңда миллиондаған адам қант диабетіне шалдыққан. Зат алмасу бұзылған жағдайда, қанда қанттың жоғары деңгейі үнемі байқалып тұрады. Негізінен, қант диабеті жасырын түрде дамиды, сондықтан ол көбінесе тым кеш анықталады. Қандағы қан деңгейін тиімсіз бақылау, көбінесе қант диабетінен де қауіпті болатын ілеспелі аурулардың дамуына алып келеді. Қант диабетінде көптеген ілеспелі аурулардың даму себебі – барлық жағдайда, қандағы глюкозаның шамадан тыс деңгейі болып табылады. Демек, жасушаларға глюкозаның шамадан тыс мөлшерін ыдыратуға тура келеді, бұл ретте оттек қамтитын бос радикалдар, нақтырақ айтқанда қосымша асқынуларға түрткі болатын супероксидті аниондар босатылады. Алдымен, олар ұсақ қан тарату тамырларының, содан соң ірі қан тарату тамырларының бұзылуына себеп болып, кейін жүйке жүйесінің, көру қабілетінің және болашақта, бүйрек жетіспеушілігінің дамуына алып келеді. Тромбоз бен атеросклероздың даму қаупіне байланысты, миокард инфаркты мен инсульттің туындау қаупі арта түседі. Ілеспелі аурулар қант диабетіне шалдыққан емделушілердің көбінде дамиды, сондықтан осы қатерді ертерек анықтау өте қиын.
Диабеттік нейропатияны емдеудің дұрыс тәсілдемесі
Диабеттік нейропатияға байланысты емдеу тәсілдемесін тағайындау кезінде, келесі үші елеулі аспектті ескеру керек:
- Бастысы – қандағы қант деңгейін реттейтін тетіктерді оңтайландыру. Бұған өмір салтын өзгерту және қажет болса, дәрі-дәрмек терапиясын түзету арқылы қол жеткізуге болады.
- Кейбір жағдайларда емделушінің жай-күйін жақсарту үшін орталықтан әрекет ететін тиісті дәрі-дәрмекпен симптомдық терапия жүргізу тәсілдемесі көмектесуі мүмкін.
- Үшінші елеулі аспект – патологиялық зат алмасу процестерін, мысалы жоғарыда аталған AGE өнімдерінің өндірілуін бенфотиаминмен бұғаттау. Осы маңызды биологиялық фактор, жай-күйдің нашарлауының және ұзақ мерзімді салдардың дамуының алдын алу үшін қолданылуы мүмкін.
Диабеттік табан синдромы – диабеттік нейропатияның жиі асқыну белгісі
Диабеттік нейропатия және перифериялық артериялардың окклюзиялаушы бұзылымдары салдарынан жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы табанның ампутациясына алып келуі мүмкін: Германияда жылына шамамен осындай 50 000 операция жасалады. Аяқтағы жүйкелердің жойылуына қарай, емделуші бұзылымдарды және жаншылған жерлерді сезбейтін болады. Жаралар тез арада жұқпаланады және қанмен әлсіз қамтамасыз ету себебінен өте баяу жазылады. Жаралардың айналасында жұмсақ тіндер мен сүйектердің бұзылуына себеп болатын абсцестер түзіліп, ақыр соңында табанды сақтап қалу мүмкін болмайды. Мұның алдын алу үшін алдын алу терапиясын міндетті түрде жүргізіп тұру және табандарды үнемі қарап тұру керек. Бұл, тіпті болмашы бұзылымдарды да ертерек анықтауға мүмкіндік беріп, қауіпті қабынудың одан әрі дамуының алдын алуға көмектеседі.
Қант диабетіндегі ілеспелі аурулар болып табылатын перифериялық артериялардың тромбозы мен окклюзиялық зақымдалуының даму қаупі
Қан тарату тамырлары қабырғаларының бұзылуы уақыт өте келе оларда кальцийдің жиналуына алып келіп, соның салдарынан атеросклероз дамиды. Осы процестің себебінен артериялар тесігінің тарылуына байланысты зақымдалған жерлерде қан ағыны шектеледі. Соның нәтижесінде, оттекті қатты қажет ететін тіндер оны жеткілікті мөлшерде ала алмайды. Бұдан бөлек, кальций жиналатын жерлерде қан ұйығы түзілуі мүмкін. Тромбозға және кальцийдің жиналуына байланысты миокард инфаркты мен инсульттің даму қаупі айтарлықтай жоғарылайды. Атап айтқанда, 2-ші типтегі қант диабетіне шалдыққан емделушілерде липид алмасумен ілесетін бұзылымдар және жоғары артериялық қан қысымы жиі байқалуы себебінен, оларда инсульттің дамуына бейімділігі байқалады. Бірақ дені сау адамдармен салыстырғанда 1-ші типтегі қант диабетіне шалдыққан емделушілер де инсульттің дамуына бейім болып келеді.
Қант диабетіндегі ілеспелі ауру болып табылатын ауыспалы ақсақтық
Аяқ артерияларының тарылуы, перифериялық артериялардың окклюзиялық зақымдалуы немесе ПАОЗ деп аталады. Аурудың бастапқы белгілері мынадай: аяқ тонады және шаншиды, кейін ауырады, әсіресе жүргенде ауыра бастайды. Сол себепті, емделуші тынығып алу үшін тоқтауға мәжбүр болады. Тым кеш кезеңдерде, бұл ауру некрозға және соның салдарынан, зақымдалған аяқтың немесе табанның ампутациясына алып келуі мүмкін. Бастапқы белгілері 90%-дық артерия стенощында ғана байқалуы себебінен, тым кеш асқыну белгілерінің алдын алу шараларыг аурудың ерте кезеңінде қабылдаған маңызды.
Қант диабетінде бүйректердің зақымдалуы – екінші дәрежелі ауру ретіндегі диабеттік нейропатия
Қанда қанттың тұрақты жоғары деңгейі салдарынан қан тарату тамырлары қабырғаларының зақымдалуы да бүйректердің ұсақ қан тарату тамырларына (капиллярларына) әсер етеді. Бүйрек денешіктерінің белсенділігінің бірте-бірте төмендеген кезде, бүйректердің сүзу қабілеті маңызды рөл ойнайтын детоксикация тетіктері ұдайы нашарлайды. Қант диабетінің себебінен бүйректердің зақымдалуы қант диабетіне шалдыққан әрбір оныншы сырқатта байқалады. Бұл зақым, қант диабетінің ерте кезеңінде де болуы мүмкін және ұзақ уақыт бойы білінбей асқына беруі ықтимал. Аурудың айрықша белгілері және ағзаның улануының белгілері, мысалы көз алмасы мен терінің сары түске боялуы көптеген емделушілерде ауру асқынғанда ғана байқалады. Жағымсыз нәтижеде, бүйректер жұмысын тоқтатуы мүмкін. Бұл жағдайда, емделушінің жай-күйін жақсартудың бірден-бір амалы – диализ немесе бүйректерді ауыстырып орналастыру. Ауруды қан зерттеу нәтижелері бойынша ерте кезеңде анықтауға болады, сондықтан осындай талдаулардан үнемі өтіп тұру керек.
Қанда қант деңгейі жоғарылаған кезде де көз торының капиллярлары зақымдалады. Диабеттік ретинопатия – соқырлықтың дамуының жиі себебі. Көз торының ұсақ әлсіз артерияларының жойылуы нәтижесінде, аневризмдер түзіліп, қан тамырлары бітеліп қалады. Жоғалған артериялардың орнын толтыру үшін жаңалары түзіледі, бірақ олар да оңай жыртылады, сондықтан көз торы қабаттануы мүмкін. Басқа да алдын алу шараларымен қатар, симптомдардың нашарлауын лазерлік терапия тоқтатуға көмектесе алады.
Қант диабетінде ілеспелі аурулардың ерте кезеңдерін анықтап, алдын алу
Қант диабетіне диагностика жүргізгеннен кейін, емделушіде ілеспелі аурулардың бар-жоғын анықтау керек. Аурудың одан әрі дамуына қарай, қант диабетіне шалдыққан ауруларда асқыну белгілерін ерте кезеңде, яғни әлі емдеуге болатын кезде анықтау мақсатымен жүйке жүйесі бұзылымдарын және қан айналымы бұзылымдарын үнемі тексеріп тұру керек. Дәрігер емделушіні аса жиі байқалып тұратын симптомдар туралы сұрастырып болғаннан кейін, артериялық қан қысымын өлшейді де, рефлекстерді тексереді. Жүйкелердің сезімталдығы камертонның көмегімен бағаланады: табанның зертелетін жеріне дірілдейтін камертонның аяғы тақалады, содан соң емделушіден дірілдерді сезуді тоқтатқан кезде хабардар етуін сұрайды.
Теңдестірілген салауатты тамақтану, сонымен бірге жеткілікті дәрежеде дене шынықтыру және артық салмақ қосуға жол бермеу – қант диабетіне қарамастан, симптомдардан арылуға көмектесетін шаралар осындай. Қан тарату тамырларын жақсырақ қорғау үшін қандағы қант деңгейін бақылаудан бөлек, артериялық қан қысымы мен қандағы липидтер деңгейін тиімді түрде бақылауды қамтамасыз ету керек. Бұл арада, кейбір диабетке қарсы дәрі-дәрмектерді қабылдау қан тарату тамырларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін екенін де ұмытпаған жөн: олардың метформин деп аталатын әрекет етуші заты В12 дәрумені мен фолий қышқылының деңгейлерін төмендетеді. Аталған дәрумендер гомоцистеиннің метаболизмін реттеуге жауап береді. Қандағы гомоцистеиннің жоғары концентрациясы болса қан тарату тамырлары қабырғаларының зақымдалуына алып келуі мүмкін. Осылайша, қабылданып жатқан диабетке қарсы дәрі-дәрмектер қант диабетіне тән ілеспелі аурулардың туындауына жанама түрде әсер етуі мүмкін. Сол себепті, осындай дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдап тұрған кезде, қандағы В тобының маңызды дәрумендерінің деңгейін міндетті түрде өлшеп тұру керек.