Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Қатерлі ісіктің алдын алу үшін не істеуге болады?

Қатерлі ісіктің алдын алу үшін не істеуге болады?

Заманымыздың ең қорқынышты ауруы болып саналатын, өмірге қауіпті қасиеттерімен бағаланатын қатерлі ісікке (рак) қатысты, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы ескерту жасады. Қатерлі ісік 2030 жылға қарай ең көп таралатынын және өлімдердің ең көбінің себебі, қатерлі ісіктен болатынын мәлімдеді.

Бүгінде онкологиялық сырқаттардың тек қана денсаулық сақтау саласының емес, сонымен қатар қоғамның әлеуметтік және экономикалық мәселесіне де айналып отыр. Ресми статистикалық  мәліметтерге сүйенер болсақ, 2017 жылы Қазақстанда қатерлі ісік ауруына шалдыққандардың саны 35 мың. Елімізде бұл дерт жы­лы­на 15 мыңнан ас­там адамның өмірін жал­май­ды де­ген де­рек бар. Бұл қазақстандықтардың жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі өлімінің екінші себебі.

Біріншіден, жас ерекшелігіне қарай, тұрақты түрде скринигтен өту керек. Бұл тексеру толығымен мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Екіншіден, бұл аурудың сиптомдары анықталған жағдайда, өз тарапыңыздан дәрігер тексеруінен өткен жөн.

Қатерлі ісіктен сақтану үшін жасалатын шаралар:

* Немқұрайлық етпей, дер кезінде емделу керек. Созылмалы ауруға шалдыққандар болмашы шағым болса да дәрігерге айтып кеңес алу керек. Жиі-жиі тексеріліп тұру қажет.

* Стреске, темекіге, спиртті ішімдіктерге және есірткі заттарға тәуелді болу, қатерлі ісік қауіпін арттырады

* Бір күнде 20 дана темекі шегетін адам 10 данаға азайтатын болса, өкпе қатерлі ісігінің қауіпі де 27% ға азаяды.

* Егер отбасында қатерлі ісік ауруымен аурығандар бар болса, тексерілу керек.

* Ыдыстар жуылғаннан кейін сумен жақсылап шайылуы керек.

* Киімді және денені жуғанда, таза зәйтүн майынан, лаврдан немесе пісте майынан жасалған сабындар қолданылу керек.

* Кілемдер жуылып, жиі-жиі сіркелі сумен сүртіліп тұруы керек.

* Бөлмеге себетін “ауа сергітуші” сепкіштер у шығарады, иммунитет жүйесін бұзады.

* Теледидардан, ұялы телефоннан және радиация тарататын құралдардан ұзақ тұру керек.

* Fast food тағамдары аптада үш рет желінетін болса, ми ісіктерінде, лимфомаларда және лейкоздарда арту сезіледі.

* Жемістерді, көкөністерді, айранды және ірімшікті көп тұтыну керек.

* Пластикалық, мыс, алюминийден жасалған ыдыстарды қолданбау керек.

* Жеміс және көкөністерді канцероген заттардан тазалау үшін сірке суында біраз ұстау керек.

* Көк пияз, иісті балдыркөк, бұршақ, талшын және жаңғақ түрлерін көп тұтыну керек.

* Мұздатылған тағамдар еріген кезде дереу пісірілу керек, екі рет жылытылатын болса ДНК-сы бұзылады.

Қазіргі уақытта қатерлі ісікке ерте диагностикалау әдісі ретінде генетикалық тестілеу тек жоғары тәуекел тобында ғана ұсынылады, яғни тұқымқуалаушылық тарихы бар адамдар. Тіпті ата-анасы ісікке шалдықса да, баласына берілетініне ешкім кепіл емес. Біріншіден, 100 пайыздық нақтылық жоқ. Екіншіден, екінші ата-анасынан алынған екінші «сау» аллель бар. Үшіншіден, иммунитеттің төмендеу барысында онкопроцесс механизмі іске қосылады. Генетикалық тұқымқуалаушылықты ерте анықтап алу үшін жеке скринингтен өту керек. Генетикалық тексерілу, төз, аналық безі, простата, колон, асқазан, өкпе, бүйрек, қалқанша безі қатерлі ісігі бар туыстары үшін маңызды. Қазақстанда қатерлі ісікке бейімділік бойынша генетикалық зерттеулер онкология және радиология мамандары жүргізеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*