Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРЫСТА «КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕКЕН ШАЙЫҚ КЕСЕНЕСІНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

АРЫСТА «КИЕЛІ МЕКЕН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖЕКЕН ШАЙЫҚ КЕСЕНЕСІНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында қаламызда және барлық ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлерінің бастамасымен және қоғам белсенділерінің қатысуымен «Жекен Шайық» ескерткіші аумағын ретке келтіру, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.
Жекен Шайық кесенесі Арыс қаласынан 1,5 шақырым оңтүстік- мен оңтүстігі шығыстағы Арыс өзәнінің тік құлама жар төбесінде орналасқан . Кесененің солтүстік — шығысы мен шығысынан айнала Арыс өзеніағады,батысы қатпарлы төбелер арқалы Алматы -Москва теміржолымен жалғасады. Өзен бойын қалың сәмбі тал мен сексеуіл басқан . Төбедегі күмбезге 14баспалдақ арқылы көтеріледі.
«Тазалық-жинаған жерде емес, сақталған жерде болады» дегендей, қала тұрғындарын қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*